М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

ММУ Қазақстан филиалындағы қонақ дәрістері


2020 жылғы 26 қарашада Мәскеу университетінің оқытушылары ММУ Қазақстан филиалында қонақ дәрістерін оқыды.


Общее фото


Филиалдағы филолог студенттер, магистранттар, мен оқытушылар құрамының алдында дәріс оқығандар:


Николенко Е.Ю.


· Елена Юрьевна Николенко, п.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының доценті «Орыс тілі шет тілі ретіндегі оқулықтың тұжырымдамасы» атты дәріс оқыды;


Нестерская Л.А.


· Лия Александровна Нестерская, ф.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы ММУ гуманитарлық факультеттің шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының доценті, «Өзіңізге Ресейді ашыңыз»: қостілді лингвомәдениеттанымдық сөздік жасау тәжірибесі» атты хабарлама жасады.


Абдильдина Р.Ж.


Аудиторияны кіріспе қошемет сөзімен аша отырып, Филиал директорының орынбасары ҚР ҰҒА академигі Р. Ж. Абдильдина орыс тілін оқып-үйренудің маңызы мен оқылатын дәріс тақырыптарының өзектілігін атап өтті.


Лекция Николенко Е.Ю.


Е. Ю. Николенко «клиптік» сана туралы, жаһандық компьютерлендіру және цифрландыру туралы айтып берді. Сонымен қатар, қағаз және электронды оқу құралдары туралы, олардың негізгі сипаттамалары туралы баса назар аударып айтты. Электронды оқу құралдарымен жұмыс жасау барысында туындайтын қиындықтар мен оларды жеңудің жолдары туралы ойын ортаға салды.


Яценко И.И.


Л. А. Нестерская мен И. И. Яценко, , гуманитарлық факультеттің шетел студенттеріне арналған орыс тілі кафедрасының доценті, «Өзіңізге Ресейді ашыңыз» атты қостілді лингвомәдениеттанымдық сөздігін таныстырды.


Треблер С.М.


Дәріс барысында туындаған өзекті мәселелерді талқылаудан соң, тыңдаушылар көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығын атап өтті және дәріс оқыған ғалымдарға алғыстарын білдіріп, әдістемелік және лексикографиялық мәселелер туралы көптеген ғылыми ақпарат алғандарын атап өтті.

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.