М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

«Филиада» оқу газеті

«Филиада»! Осы сөздің әрбір дыбысында жатқан қаншама мағына бар десеңізші... Эпикалық атау оны оқыған адамға қандай да бір зор, алып, әсем нәрсе туралы ойға жетелейді. Міне, сіздің алдыңызда қарапайым ғана студенттік газет жатыр. Бірақ соншалықты көңіліңіз де қалмасын: иә, «Филиада» эпос емес, бірақ маңыздылығы одан кем де емес. Газет – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы өмірінің айнасы. Мұнда біздің almamater тынысымыз суреттеледі.


«Филиада» – өте жас, ол бес жыл бұрын ғана Филиалда дүниеге келген еді. Газеттің ең алғашқы нөмірінің редколлегиясы тек өздерінің журналистік қабілетін сынап көру үшін осы газетті шығаруды қолға алған филолог-студенттер еді. Жыл сайын оларды келесі жас толқын алмастырып отырды. Сөйтіп «Филиада» уақыт өткен сайын айшықты да қызықты бола түсті. Бүгін де газетіміз студентер күшімен шығып келеді. Сөз құдыретіне бас иген әр студент біздің қатарымызға қосыла алады.


Біз не туралы жазамыз? Біз сіздерге – студенттерге, магистранттарға, талапкерлерге, оқытушы-профессорлық құрамға, қызметкерлерге, ата-аналарға және «Филиаданы» қолына ұстап оқып көрген жанның барлығын – қызықты болатын нәрселер туралы жазамыз. Филиал үшін маңызды оқиғалар туралы репортаждар, тамаша адамдармен жүргізілген интервью, пайдалы ақпараттар және қарапайым да күрделі студенттік өмір туралы ой толғаныстарымыз – газет бетінен орын алады. Біз кәсіби журналист емеспіз, біраз біз өз ісімізді жақсы көреміз!


Анастасия Семенова



Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (19), 2024 ж., қаңтар
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (18), 2023 ж., қараша
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (17), 2022 ж., желтоқсан
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (16), 2021 ж., желтоқсан
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №3 (15), 2020 ж., желтоқсан
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №2 (14), 2020 ж., мамыр
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №3 (12), 2019 ж., желтоқсан
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №2 (11), 2019 ж., қараша
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (10), 2019 ж., маусым
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №4 (9), 2018 ж., желтоқсан
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №3 (8), 2018 ж., қараша
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №2 (7), 2018 ж., маусым
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (6), 2018 ж., наурыз
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №2 (5), 2017 ж., желтоқсан
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1 (4), 2017 ж., қараша
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №3, 2015 ж., қараша
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №2, 2017 ж., маусым
Филиалдың "Филиада" оқу газетасы, №1, 2015 ж., ақпан


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.