М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь
«Тенгри» әдеби клубының отырысы


IMG_6584s.jpg


2019 жылғы 24 қыркүйекте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында студенттердің аса сүйікті «Тенгри» әдеби клубының осы жылғы алғашқы отырысы өткізілді.


IMG_6592s.jpg


Дәстүр бойынша «Филология» бағытының екінші курс студенті, «Тенгри» клубының төрағасы Дарья Фогель, қатысушыларға өз шығармашылығымен бөлісуін ұсынды. Идея қолдау тапты, осылай клуб мүшелері өздерінің прозалық және поэтикалық туындыларын оқып берді. Ол шығармалардан жас авторлардың өзіндік қолтаңбалары айқындалып, сөз шеберлігінің тізгінін ұстағаны байқалды.


IMG_6574s.jpg


Әдеби клубтың үйлестірушісі, филология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.И. Власова әдеби альманахтарды таныстырды, олардың. Сонымен қатар ол «Тенгри» клубының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.


Профессор Г.И. Власова студенттерге клубтың Қазақстан филиалының 20-жылдығына арналған «Тенгри белгісінің аясында» атты үшінші альманах шығаруды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама жасады.


IMG_8533s.jpg


Екінші отырысы 15 қазанда өткізілді, онда ММУ филология факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Николай Георгиевич Мельниковпен кездесу өткізілді. Студенттер қонаққа өз шығармаларын оқып берді. Клуб мүшелерінің шығармалары ерекше назарға ие болды. Николай Георгиевичтен алған кейбір сын-ескертпелер студенттердің өз шығармашылықтарын жетілдіруге көмектеседі.


IMG_8539s.jpg


Осындай іс-шаралар оқу жылы бойына жүргізіліп отырылады. Жуық арада болатын кездесудің бірі жазушы-фантаст Азамат Байгалиевтің шығармашылығына байланысты болады. Қонақ өзінің кітаптары туралы айтып береді, тәжірибесімен бөліседі және студенттердің шығармашылығын табысты дамуға көмектеседі деп күтілуде.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.