М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Академик М.Ө. Өтелбаевтың мерейтойына орай!


2022 жылғы 12 – 15 қазан күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақстандық ғалым Н.Қ. Надировтың туғанына 90 жыл толуына және ҚР ҰҒА академигі ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары М.Ө. Өтелбаевтың 80 жасқа толуына орай «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2022)» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция болып өтті.




Конференцияның пленарлық отырысында М.В.Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің профессоры Г.А. Чечкин баяяндама жасады. Конференцияда ММУ ҚФ іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Қ.А. Бекмағанбетов, профессорлар Г.А. Ақышев пен Е.Д. Нұрсұлтанов баяндама оқыды.


Ғылыми баяндамалардан басқа Мәскеу университеті мен ММУ Қазақстан филиалының өкілдері академик М.Ө.Өтелбаевтың 80 жылдығына арналған Қазақстан математикалық қоғамының кеңейтілген отырысына қатысты. Мәжіліс барысында атақты мерей иегеріне Мәскеу университетінің ректоры академик В.А. Садовничийдің атынан және Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидоровичтің атынан құттықтаулар оқылып, табыс етілді.




Академик М.Ө.Өтелбаев – Қазақстанның көрнекті математиктерінің бірі болып саналады. Академиктің ғылыми қызметі Мәскеу университетімен тығыз байланысты. Ол ММУ механика-математика факультетінің түлегі, 1972 жылы ММУ-де атақты кеңес математигі Борис Левитанның жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 1978 жылы Мұхтарбай Өтелбаев Мәскеу университетінде математик Анатолий Костюченконың жетекшілігімен докторлық диссертациясын қорғаған.


Академик Өтелбаев – Қазақстандағы үлкен математикалық мектептің негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен 70 кандидаттық диссертация және 10 докторлық диссертация қорғалды. Оның ғылыми қызығушылықтарының ауқымы өте алуан түрлі және оның құрамында операторлардың спектрлік теориясы, операторлардың шектеу және кеңейту теориясы, функциялық кеңістіктерді енгізу теориясы; жуықтау теориясы; есептеу математикасы; кері тапсырмалар сияқты терең мәселелер бар. Мұхтарбай Өтелбайұлы күні бүгінге дейін ғылыми зерттеулермен және ғылыми кадрларды даярлаумен белсенді айналысып, Қазақстанда математика ғылымын кеңінен насихаттап келеді.


Мерейтой иегерін 80 жасымен құттықтаймыз, Академикке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!



Мәтін және сурет: Іргелі және қолданбалы математика кафедрасы

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.