М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

«Заманауи сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2021 жылғы 23 сәуір күні «Заманауи сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.


Библиотека Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы


Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 20 жылдығына арналған Қазақстан дамуындағы экономика, филология, экология, математика және тарих бағыттарындағы жоспарланған, халықаралық конференциялар жоспарының қатарында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Кітапханасымен бірлесе ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Конференцияға Мәскеу университетінің жетекші ғалымдары, Қазақстан ЖОО ғалымдары, мемлекеттік даму институттарының жетекшілері қатысты.



Приветствие Н.А. Назарбаева


Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қошемет сөзі оқылып берілді. Құжатта ММУ Қазақстан филиалының мәртебесіне ерекше мән берілген.



Приветствия


Конференцияға қатысушыларды ММУ ректоры РҒА академигі В. А. Садовничий, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасының директоры Б. Т. Темирболат, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі А. Н. Бородавкин құттықтады. Олар өз сөздерінде ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудағы үлесін атап көрсетті және Филиалды 20 жылдың тойымен құттықтады.

 




Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде сөз сөйлегендер – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспралау және реформалау бойынша агенттіктің төрағасы К. Н. Келимбетов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Е. К. Абил, М. В. Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетінің деканы, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі төрағасы А. А. Аузан, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Мәскеу экономика мектебінің директоры РҒА академигі А. Д. Некипелов, М. В. Ломоносов атындағы ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасының меңгерушісі, «Ресей саясаттанушылар қоғамы» қосалқы төрағасы В. И. Якунин, М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ еңбегі сіңген профессоры А. В. Сидорович, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі А. А. Сатыбалдин және Қазақстан мен Ресей университеттерінің басқа да көрнекті ғалымдар Қазақстанның жетекші университет ректорлары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары.





Конференцияның пленарлық мәжілісінде келесідей өзекті мәселелер талқыланды: Қазақстан мен Ресей экономикасы дамуындағы қысқамерзімді және ұзақмерзімді трендтер, жаһандыө пандемияның заманауи экономикаға және оның өзгеруіне тигізген ықпалы Қазақстан және Ресей дамуындағы замануи кезеңдегі мемлекеттік саясат және реформалар, цифрландырудың заманауи экономиканың дамуына тигізетін ықпалы және оның Қазақстандағы, Ресейдегі, әлемдегі даму бағыттары, заманауи қаржылық архитектура және қаржы нарығы мен институттардың даму ерекшеліктері, Қазақстанның ЕАЭС-тегі төрағалығы және еуразиялық экономикалық интеграцияның даму бағыттары.



«Заманауи сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын үш панельдік сессия жалғастырды, олар келесідей аса өзекті және талас мәселелерге арналды: «Ұлттық экономиканы жетілдірудің жаңа сын-қатерлер жағдайындағы бағыттары», «Аймақтық және кеңістіктік даму. Замануи жағдайдағы еуразиялық экономикалық интегарция», «Цифрландырудың заманауи экономиканың өзгеруіне тигізетін ықпалы».




 

Фото: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы - ММУ Қазақстан филиалы

 

[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.