М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Нұрғалиев оқулары-Х


2021 жылғы 25-26 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Нұрғалиев оқулары-Х: ХХІ ғасыр студенттерінің ғылыми қауымдастығы. Филологиялық ғылымдар» атты Халықаралық жас ғалымдардың Х ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Бұл іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 25 жылдығына арналған болатын.


e421c897-5e75-42b2-8f6d-cdb6fa980740.JPG


Халықаралық студенттер конференциясын қошеметтеп қарсы алғандар алты елдің филология, орыс тілі мен әдебиеті, славистика кафедралары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы, Мәскеу педагогикалық университетінің Филология институты, Солтүстік-Кавказ федералдық университетінің Гуманитарлық институты, Яссы университеті (Румыния); Силез университетінің Шығыс славян филологиясы институы (Польша), А.П. Чехов атындағы Таганрог институты; Федералдық университеті (Татарстан), Анкара әлеуметтік ғылымдар университеті (Түркия).


Пленарлық мәжілісте ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғалиев туралы бейнематериал-естеліктер көрсетілді.


М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының оқытушылары мен студенттері конференция жұмысына белсене қатысты.


Пленарлық мәжілісте «Рымғали Нұрғали – ғалым және шығармашылқ тұлға» баяндамасымен филология кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. профессор Г.И. Власова сөз сөйледі. Ол өз сөзінде көрнекті ғалымның әдеби зерттеулері ғылымның «алтын қорына» енгенін, қазіргі филологтердің қолынан тастамас кітабына айналғанын атап өтті.


7e34db27-a7cf-4798-95e4-8da63a41a43e.JPG


Пленарлық мәжіліске серіктес университеттердің үздік студенттері мен магистранттарі қатысты. ММУ Қазақстан филиалынан екінші курс студенті Александр Байбуза қатысты.


Секция отырыстарына «Филология» бағыты бойынша екінші курстың 12 студенті қатысты. Жас ғалымдардың алғашқы қанат қағысы – сәттілік жолы болды!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.