М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

Қонақкәде-дәріс «Климаттың жаһандық өзгеруі: Грета Тунберг мәселесі»



откр_лекцияs.jpg


2020 жылғы 20 сәуірде ММУ Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен «Климаттың жаһандық өзгеруі: Грета Тунберг мәселесі» тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырылды. Дәріске ММУ-дің және Филиалдың оқытушылары мен студенттері, Филиалдың түлектері мен климаттың өзгеруіне байланысты мамандар қатысты. Іс-шара сұхбат форматында өткізілді, оның аясында дәріскерлер тақырыппен байланысты маңызды мәселелерді талқылады және Грета Тунбергтің климаттың өзгеру мәселесін шешуге қатысудағы рөлін бағалауға тырысты.

Дәріс оқығандар – Н. М. Дронин, ММУ География факультетінің Әлемнің физикалық географиясы және геоэкология кафедрасының «Табиғат ресурстары және табиғат ортасының техногендік өзгерулері» лабораториясының меңгерушісі, В. С. Дехнич, Филиалдың экология және табиғатты пайдалану кафедрасының оқытушысы. Олар БАҚ-тың және белгілі ғылыми және саяси қайраткерлердің Грета Тунбергтің қоғам назарына іліккен Нью-Йорктегі 2019 жылғы 23 қыркүйектегі сөйлеген сөзін талқылады. Дәріс барысында Гретаның сөз сөйлеуі туралы теріс пікірде болғандардың көпшілігі «климаттық күмәншілдерден» болғаны айтылды. Олар - «климат ешқандай өзгеріске түсіп жатқан жоқ не болмаса ол өзгерістегі антропогендік үлес тым мардымсыз» деп санайтындар. Дәріс оқушылар баспа беттерінде жиі талқыланатын мәселелерді атап көрсетті, олар:


1. Шынымен де жаһандық климат өзгерісі болып жатыр ма?


2. Егер климат өзгерісі болып жатса, ондай өзгерістер өткен замандарда байқалған ба?


3. Шынымен де, қазіргі уақыттағы климаттың өзгеруіне негізгі кінәлы - антропогендік парниктік газ болуы мүмкін бе?


грета2.jpg

Дәріскерлер климаттың өзгеруіне қатысты сұрақтарға жауап беруде антропогендік теориясының жақтаушылары мен оған қарсылардың ұстанатын аргументтеріне талдау жасап өтті.

 

[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.