М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Наука

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында өткізілген Ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының қорытындысы шықты


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 2017 жылғы 1 қазаннан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта студенттердің Ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы өткізілген болатын. Бұл конкурсқа Филилада оқып жүрген студенттер ғана емес, қазіргі уақытта Мәскеуде оқып жүрген студенттеріміз де қатысқан еді.

Құрамында Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының жетекші оқытушылары бар конкурстық комиссия Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтап, оларды дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және құнды сыйлықтармен марапаттауға ұсыныс жасады.

Конкурстың үздік жұмыстары осы жылдың наурыз айында өткізілетін студенттердің Республикалық ғылыми жұмыс конкурсының ІІ кезеңіне жіберіледі.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Ресей Федерациясының Білім және ғылым Министрілігінің 2017 жылғы 2 қазандағы № 514 К-Н бұйрығымен Филиалымыздың Директоры А.В. Сидоровичке білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін және көпжылдық адал еңбек атқарғаны үшін «Ресей Федерациясының білім саласының құрметті қайраткері» құрметті атағы берілді.

2017 жылғы 21 желтоқсанда төсбелгі мен куәлікті ММУ ректоры В.А. Садовничий Мәскеу университетінің ғылыми кеңесінде тапсырған болатын. Өзініәң құттықтау сөзінде Виктор Антонович А.В.Сидоровичтің ММУ Қазақстан филиалын дамытудағы және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Келісімге қол қоюға дайындалудағы ерен еңбегін атап өтті.


[толығырақ...]

© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.