Республикалық студенттік математика бойынша олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!


2026 жылдың 11-12 сәуірінде Назарбаев университетінде Республикалық студенттік математика бойынша олимпиада болып өтті. Жеке есеп бойынша «Математика» бағыты бойынша 4 курс студенті Бауыржан Тұтқышев бірінші орын алды. «Математика» бағыты бойынша 2 курс студенті Диас Сақпанов құрмет грамотасына ие болды.


Биыл олимпиадаға Қазақстан филиалынан келесі құрамдағы студенттер командасы қатысқан болатын:


1. Әбжанов Рамазан (M-11);

2. Әлімжан Әмір (M-11);

3. Нұрмұхамбетов Ескендір (M-21);

4. Сақпанов Диас (M-21);

5. Тұтқышев Бауыржан (M-41).

Олимпиадаға Назарбаев Университетінен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Suleyman Demirel University, Astana IT University, Қазақ-Британ техникалық университетінен, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалынан, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен келген 44 студент қатысты.

Биылғы олимпиадада студенттерге математикалық талдау және комбинаторикадан 5 есеп ұсынылды.



Бауыржанды және Қазақстан филиалының командасын олимпиададағы қол жеткізген жеңістерімен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта да мол шығармашылық және ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

Мәтін және фотосурет: Іргелі және қолданбалы математика кафедрасы