
2026 жылғы 10-11 сәуірде ММУ Қазақстан филиалы жас зерттеушілер тоғысқан ерекше орынға айналды: мұнда Филиалдың 25 жылдығына арналған «Ломоносов-2026» ХХІ Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Форумға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Түрікменстанның 53 университетінен 400-ден астам студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар қатысты.

Биылғы конференция ерекше деңгейде өткізілді, өйткені ол – мерейтойлық конференция болатын! Филиалдың 25 жылдығы - Мәскеу университетінің жарқын дәстүрлеріне, шығармашылық пен білім берудің жоғары деңгейіне ұмтылысын танытатын маңызды кезең.
Екі күн бойы Филиал түрлі ел мен университеттерден келген талантты жастар үшін қарқынды ғылыми диалог алаңына айналды, мұнда іргелі математикадан бастап жасанды интеллекті мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерге дейінгі заманауи ғылымның өзекті мәселелері талқыланды.
Конференцияны құрметті қонақтар ашты, олардың ішінде дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік органдар, ғылым, білім және БАҚ өкілдері болды.

Конференцияға қатысушыларға арнап Мәскеу университетінің ректоры, академик В.А.Садовничий құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстан филиалындағы «Ломоносов» конференциясы университеттік іс-шара шеңберінен шығып, тұрақты халықаралық алаңға айналғанын атап өтті. Конференцияның ғылыми күн тәртібі қалыптасып, жас зерттеушілердің әлеуеті ашылатын орынға айналды.
Бұл ойды ММУ жетекші факультеттерінің декандары да қолдады. Олар өздерінің бейне-құттықтауларында жастарды заманауи ғылыми процестер мен пәнаралық зерттеулерге қосылуының маңызын атап өтті.
Конференцияға қатысушыларға арналған бейне-құттықтауларын механика-математика факультетінің деканы және РҒА корреспондент-мүшесі А.И.Шафаревич, есептеу математикасы және кибернетика факультетінің деканы және РҒА академигі И.А.Соколов, география факультетінің деканы және РҒА академигі С.А.Добролюбов және экономика факультетінің деканы профессор А.А.Аузан, филология факультетінің деканы профессор А.А.Липгарт жолдаған болатын.

Конференцияның пленарлық мәжілісінің ашылуында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі А. Н. Бородавкин жолдаған құттықтау сөзі ерекше әсер қалдырды. Оны А. Е. Комаров оқып берген еді. Құтықтауда Филиал жоғары білім берудің флагманы деп, ал оның түлектері елдер арасындағы ынтымақтастықтың тіректері деп аталды.
Астана әкімдігі атынан С.С. Ибраев конференцияға қатысушыларды құттықтап, ширек ғасырда Филиал тек білім орталығы ғана емес, сонымен қатар Астананың ғылыми ортасы өсуінің маңызды нүктесіне айналғанын атап өтті.
Пленарлық мәжілістің ең маңызды сәті Филиал директоры, Мәскеу университетінің Құрметті профессоры А.В.Сидоровичтің сөзі болды. Оның «Филиал – ғылыми таланттар мектебі» атты баяндамасы, бір жағынан, ширек ғасырдағы қызметінің қорытындысы іспетті және екінші жағынан, келешекке бағдар ретінде болды. «Ломоносов» конференциясы - ғылыми іс-шара ғана емес, зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыру механизмі болып табылатынына назар аударды.

«Ломоносов» конференциясы өз жетістіктерімен Мәскеу университеті мен Қазақстанның даңқын танытатын талантты жастарды тәрбиелейді. Біздің ұжымымыз Қазақстандағы нағыз шағын Мәскеу университеті екенімізді дәлелдеуде табысқа жетті деп сенімді түрде айта аламын. Соңғы бес жылда конференцияға қатысушылар саны артты. Біз өз алдымызға Мәскеу университетінің айналасына басқа университеттер мен елдерді біріктіру мақсатын қойып отырмыз», - деп атап өтті А.В. Сидорович.
Алғашқы «Ломоносов» конференциясы өткізілген 2005 жылдан бергі жылдар ішінде конференциямызға 17 елден, 120 университеттен 8500-ден астам талантты жас зерттеуші қатысты. Филиал директоры олардың 850-ден астамы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанғанын атап өтті.
Пленарлық мәжіліс барысында халықаралық және ұлттық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары - студенттер мен магистранттарға «Ғылыми зерттеулердегі жетістіктері және байқаудағы жеңістері үшін» арнайы мерейтойлық Құрмет Грамоталары табысталды. Студенттердің Респубикалық ғылыми-зерттеу байқауының Филиалдың 25 жылдығына арналған бірінші рет өткізілген университетішілік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар табысталды. Бұл марапаттар жастардың ғылыми жұмыстарын және зерттеу мәдениетін дамытуға қосқан үлесін танытады.
Пленарлық мәжілісте Қазақстан филиалы түлектері - халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өткен жылдардағы «Ломоносов» конференциясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазіргі заманғы ғылымдағы өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Конференцияның негізгі бағдарламасы тоғыз секцияда жалғасын тапты. 300-ден астам баяндама ғылым бағыттарының кең ауқымын көрсетті. Мұнда математикалық модельдеу және жасанды интеллект технологиялары, заманауи Қазақстандағы экономикалық өзгерістер, геоэкологияның аймақтық мәселелері, еуразиялық әлемдегі мәдениеттер мен құндылықтардың диалогы және Қазақстандағы орыс тілі мен лингводидактиканы дамытудың басым бағыттары жөнінде баяндамалар тыңдалды.

11 сәуір күні өткізілген «Жасанды интеллектінің дамуы: қоғам мен экономикаға не болады?» тақырыбындағы пікірталас алаңы ерекше назар аударды. Мұнда пікір алысу теориядан гөрі шынайы өмірмен көп байланысты болды. Сарапшылар, әзірлемешілер, оқытушылар мен студенттер жасанды интеллектінің білімге, ғылымға және еңбек нарығына әсерінің қандай болуы мүмкін екендігін шынайы сценарийлер негізінде талқылады.

Талқылауға индустрия өкілдері, атап айтқанда, Datanomix.pro негізін қалаушы Виталий Тренкеншу және product owner Verigram Темур Мавликеев қатысты. Доцент В.С.Дехнич модератор болған пікір алысу алаңындағы диалог көп қырлы мазмұнда өтті. Мұнда жасанды интеллект тек технология ретінде ғана емес, терең әлеуметтік өзгерістердің, кәсіби және білім беру ортасындағы өзгерістердің факторы ретінде қарастырылды.


Конференцияның қорытынды мәжілісінде «Ломоносов-2026» секцияларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды:
Іргелі математиканың және оның қосымшаларының заманауи мәселелері:
І дәрежелі диплом – Медет Жұмаділдаев (Назарбаев университет);
ІІ дәрежелі диплом – Арсен Біләлов (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ);
ІІІ дәрежелі диплом – Мейіржан Бауыржанұлы Қайыржанов (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Математикалық модельдеу және жасанды интеллект технологиялары:
І дәрежелі диплом – Мадияр Усинов (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ);
ІІ дәрежелі диплом – Асыл Бараков (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ);
ІІІ дәрежелі диплом – Әмір Жанатұлы Саликов (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
Заманауи Қазақстандағы экономикалық өзгерістер: бағыттары және іске асыру құралдары:
І дәрежелі диплом – Александр Андреевич Вернер (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
ІІ дәрежелі диплом – Татьяна Вячеславовна Гобина (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
ІІІ дәрежелі диплом – Дарья Олеговна Мартыневская (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
Геоэкологияның аймақтық мәселелері: шешімдер, тәжірибе, инновациялар:
І дәрежелі диплом – Вероника Валентиновна Колесникова (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ);
ІІ дәрежелі диплом – Рустам Мұхитұлы Жамбулов (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ);
ІІІ дәрежелі диплом – Роман Викторович Кан, Олег Александрович Стишак және Айдар Николаевич Беготаев (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
Еуразия әлемі: мәдениеттер, дәстүрлер және құндылықтар диалогы:
І дәрежелі диплом – Асыл Ермекұлы Бараков (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
ІІ дәрежелі диплом – Ангелина Максимовна Клеченок (Томск мемлекеттік университеті);
ІІІ дәрежелі диплом – Магомед Ужахов (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Орыс тілін тану және медиа лингвистика: зерттеудегі жаңа тәсілдер:
І дәрежелі диплом – Диас Маратұлы Исатаев (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ);
ІІ дәрежелі диплом – Полина Игоревна Новак (Ф. Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті);
ІІІ дәрежелі диплом - Дана Бақытқызы Халықова (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Қазіргі заманғы көпмәдениетті әлемдегі орыс әдебиеті:
І дәрежелі диплом – Чегодаев Ярослав Григорьевич (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
ІІ дәрежелі диплом – Елена Дмитриевна Накоскина (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
ІІІ дәрежелі диплом – Аделина Александровна Граблева (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
Мәдениеттер тоғысындағы қазақ тілін оқыту теориясы мен тәжірибесі:
І дәрежелі диплом – Жексенұлы Димаш (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ);
ІІ дәрежелі диплом – Софья Николаевна Макаренко (М.В.Ломоносов атындағы ММУ ҚФ).
ІІІ дәрежелі диплом – Әзім Нұрдан Ардаққызы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Қазақстанның тілдік кеңістігіндегі мәдениетаралық коммуникация:
І дәрежелі диплом – Серік Арыстан Тимурұлы, Қинаят Дархан Еслямбекұлы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ);
ІІ дәрежелі диплом – Анастасия Ивановна Жук (Томск мемлекеттік университеті);
ІІІ дәрежелі диплом – Изабелла Романовна Корж (Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті).
ММУ Қазақстан филиалының 25 жылдығына арналған «Ломоносов-2026» Халықаралық ғылыми конференциясы жас зерттеушілердің басын қосып, оларға өз идеяларын ұсынуға және зерттеу әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін маңызды ғылыми оқиғаға айналды.
«Ломоносов-2026» конференциясы ММУ Қазақстан филиалында ғылымның шынайы өмірге айналатын, жас зерттеушілер оның қозғаушы күшіне айналатын кеңістік қалыптасып жатқанын дәлелдеді.
«Ломоносов–2026» Конференциясы туралы сюжет
24KZ телеканалында:
Фото: В. Калиев, Д. Шаяхметов, К. Байрактар, Э. Яшков