Филиалдың іргелі және қолданбалы математика кафедрасының аға оқытушысы Г.Ф. Ажмолдаев философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады


2026 жылғы 19 наурызда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде іргелі және қолданбалы математика кафедрасының аға оқытушысы Ғазиз Файзуллаұлы Ажмолдаев 8D05401 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Об усреднении аттракторов уравнений реакции-диффузии в области с шероховатой границей» тақырыбында диссертациясын қорғады.


Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі математика кафедрасында орындалды. Г.Ф. Ажмолдаевтың отандықі ғылыми жетекшісі – іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Қуаныш Әбдірахманұлы Бекмағанбетов, шетелдік ғылыми жетекшісі – М.В.Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Григорий Александрович Чечкин.


ММУ Қазақстан филиалының ұжымы атынан Ғазиз Файзуллаұлын және оның ғылыми жетекшілерін сәтті қорғауымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта мол шығармашылық және ғылыми жетістіктер тілейміз!