
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы мен Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университеті Ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжатқа Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университетінің ректоры Игорь Анатольевич Максимцев және Қазақстан филиалының директоры ММУ құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович қол қойды.

Тараптар экономика, статистика және деректерді талдау саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бірлескен білім беру қызметін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді кеңейтуге келісті.
Қол жеткен келісімдерді іске асыру аясында ММУ Қазақстан филиалындағы «Заманауи экономикадағы статистика және деректерді басқару» бағдарламасы бойынша білім алатын екінші курс магистранттарына «Іріктемелік сауалнамалар мәселелері» атты арнайы курс өткізілетін болады. Аталған курсты СПбМЭУ статистика және эконометрика кафедрасы меңгерушісі міндетін атқарушы Мария Павловна Декина оқиды.