
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин ММУ Қазақстан филиалының директоры, ММУ құрметті профессоры Александр Владимирович Сидоровичпен кездесті.

Александр Владимирович Филиалдың қызметі, білім беру бағдарламалары және студенттерді даярлау ерекшеліктері туралы ақпараттармен бөлісті. Тараптар «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» магистрлік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша пікір алмасты. Қол жеткізілген келісімдер ұлттық экономика саласындағы мамандарды тәжірибелік-бағдарлы оқытуды кеңейтуге алғышарттар қалыптастырады.