«Түлек-2025» бос орындар жәрмеңкесі


2025 жылғы 16 мамырда ММУ Қазақстан филиалында «Түлек-2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – университетті бітіруше студенттері мен магистранттардың әлеуетті жұмыс берушілермен танысуын қамтамасыз ету және түлектердің болашақ кәсіби қызметі туралы ой-пікірлерін орнықтырып, сұрақтарына жауап алуын мүмкін ету.

2025 жылы Филиал математика, жүйелік бағдарламалау, экономика, филология және экология салаларында іргелі білім алған 130 жоғары білікті бакалавриат және магистратура мамандарын шығарады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне ірі мемлекеттік және жеке мекемелердің, халықаралық және жеке компаниялардың, университеттер мен мектептердің өкілдері қатысты.

Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович өзінің құттықтау сөзінде Филиал түлектерін жұмысқа шақыруға қызығушылық танытып, кездесуге уақыт бөліп келген ұйым өкілдеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан филиалы түлектерінің Қазақстанның басқа ЖОО түлектеріне қарағанда білімі анағұрлым кеңірек екенін, алған терең білімі олардың жұмыс істеу жағдайларына да тез бейімделуіне тірек болатынын және лауазымдық міндеттердің кең ауқымдарын орындауға даяр екенін атап өтті.

Loading...