М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
17.09.2019

Филиалдың «Абитуриент» Орталығы жоғары сынып оқушыларын оқуға түсушілерді дауындау курстарына шақырады




Талапкерлермен жұмыс бағдарламасы

(қазан – мамыр)



М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалындағы «Абитуриент» Орталығы мектептің жоғары сынып оқушыларын оқуға түсушілерді дауындау курстарына шақырады.


Бағдарламаның негізгі міндеттері:

· жастарға ММУ Қазақстан филиалында дайындалатын бағыттар мен мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру;

- талапкерлердің ММУ-де және басқа жоғары оқу орындарында білім алуына қажетті дайындық деңгейін жоғарылату;


· талапкерлерді ММУ-гі түсу емтихандарының бағдарламаларымен және оқуға түсу шарттарымен таныстыру.


Барлық пәндер бойынша сабақтарды М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және Қазақстан филиалының білікті оқытушылары жүргізеді. Дайындық ММУ түсу емтихандарының бағдарламаларына және тыңдаушы таңдаған мамандыққа сәйкес.


Сабақтар курстарда қыркүйек айының соңынан басталып мамыр айы бойы жүргізіледі. Ағымдағы жылы сабақтар келесі пәндер бойынша жүргізіледі:


математика;

ағылшын тілі;

физика;

география;

орыс тілі;

орыс тілі мен әдебиеті (филология бағдарына түсушілер үшін).

[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.