М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.09.2023

Филиалда Мәскеу университетінің экономика факультеті деканы орынбасары О.В. Буклемишевтің қонақ дәрісі өткізілді


2023 жылғы 20 қыркүйек күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында ММУ экономика факультеті деканының халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, макроэкономикалық саясат және стратегиялық менеджмент кафедрасының доценті Олег Виталиевич Буклемишев қонақта болып, «Қазіргі әлемдегі бюджеттік саясат» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс тыңдаушылары - экономика бағытының студенттері, сонымен қатар экономика кафедрасының оқытушылары қатысты.







Дәрісте Олег Витальевич бюджеттік саясатты дамытудың тарихи-экономикалық аспектілеріне, оның қазіргі қарқынды дамып келе жатқан жағдайлардағы рөліне назар аударды.


Дәріс тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сөз соңында Олег Витальевич тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.


Олег Витальевичке қызықты және мазмұнды баяндамасы үшін алғысымызды білдіреміз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.