М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
23.02.2022

Директордың студенттік белсенділермен кездесуі


2022 жылғы 22 ақпанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович Филиалдың студенттік активімен кездесу өткізді.


Директор студенттерді Филиалдың 20 жылдығына арналған іс-шаралар туралы хабардар етіп, университетті дамытудың перспективалық жоспарларымен таныстырды. А.В.Сидорович жаңа оқу ғимаратының берілуіне байланысты Филиалдың жұмыс жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше тоқталды.


Кездесу барысында пандемиядан туындаған Филиалдағы оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формалары және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану мәселелері талқыланды. Студенттер жаңа жағдайда оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсарту бойынша бірқатар өз ұсыныстарын айтты, сонымен қатар Филиалда жүзеге асырылуы қажет деп санайтын бірқатар бастамашылық шараларды ұсынды.


Филиал директоры «Ломоносов» конференциясына студенттердің белсенді қатысуының маңыздылығына үлкен мән беріп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.