М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
29.03.2021

«Филология» бағытындағы 1 курс магистранттарының есеп беру конференциясы


2021 жылғы 18 наурыз күні ММУ Қазақстан филиалында «Филология» бағытындағы «Медиалингвистика» и «Өзгетілді аудиториядағы орыс тілі» («РЯИА») бағдарламалары бойынша оқитын 1 курс магистранттарының практика қорытындысы бойынша есеп беру конференциясы болып өтті


РЯИ


2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінің алғашқы айы бойына «РЯИА» магистранттары Евразия гуманитарлық институтында практикада болды. Ал болашақ медиалингвистер өздерінің бірінші кәсіби тәжірибесін «Хабар» телеканалында жинады. Филология кафедрасының оқытушылары, магистранттар мен жетекшілері есеп беру конференциясына практиканың қорытындысын шығару үшін жиналды.



Власова Г.И.


Филиалдың филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власоваіс-шараға қатысушыларды құттықтап, карантиндік шектеулер мен қашықтан оқытудың талаптарын ұстансақ та, практика табысты өткізілгенін атап өтті. Екі бағыттың да магистранттары алдарына қойылған міндеттерді абыроймен шешіп, практика барысында өздерін үздік маман ретінде таныта білді.



Маликова Ж.


Алдымен «РЯИА» бағдарламасының магистранттары сөз алып, өздерінің ЕАГИ студенттеріне сабақ берген сәттерін баяндап берді. Магистранттар ЕАГИ-дегі қашықтан оқыту үшін ұйымдастырылған жаңа оқу платформасының ерекшеліктері туралы атап өтті.

 

РЯИ


Олардан кейін сөзді медиалингвист магистрантар алды. Олар өздерінің ерекше әсерлерімен бөлісіп, практиканың маңызын атап өтті. Практиканың жетекшісі ретінде «Хабар» каналының директоры, ММУ Қазақстан филиалының оқытушысы Динара Аскаровна Бисембина сөз сөйледі.

 

Іс-шараға қатысушылар медиалингвистердің «Хабар» телеканалының түрлі бөлімдеріне бөлінгенін білді. Магистранттар өз әсерлерін ерекше ықыласпен баяндап берді: әр магистранттың жеке тәлімгері бекітілген, олар магистранттардың іс-әрекеттерін үйлестіріп, түрлі тапсырмалар беріп отырған.


Руководители


Олар телеканалда бағдарламалар, телесюжеттер, ток-шоу түсіруге қатысып, интервьюлер алғанын, спикерлермен сұхбат жүргізгені туралы айқын да әсерлі етіп баяндап берді.

 


Хабар


10s.jpg



Магистранттар «Хабар» және Еуразия гуманитарлық институтында практика өткізуді ұйымдастырғандарға және тәлімгерлеріне үлкен кәсіби тәжірибенің бастапқы қадамдары үшін зор алғыстарын білдірді.

[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.