М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
03.02.2021

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары үшін Ашық есіктер күні


 
2021 жылғы 30 қаңтар күні М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан аймақтарының жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлы кездесу аясында Ашық есіктер күні өткізілді. 2021 жылғы алғашқы кездесуге Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және мұғалімдері шақырылған болатын. Іс-шараға қатысуға 250 болашақ талапкер тіркелді.


Ағымдағы жылы ММУ Қазақстан филиалы Ашық есіктер күнін өткізу форматын өзгертті. сол арқылы кәсіби бағдарлы іс-шараға Қазақстан аймақтарының мектептерінен жоғары сынып оқушыларын қамту аясын кеңейтті. Күні бүгінге дейін Филиал үш онлайн-кездесу өткізген болатын: 2020 жылы Қазақстанның барлық аймақтары бойынша жалпы кездесу және Қарағанды, Ақмола облыстары үшін кездесу өткізілді, 2021 жылғы 31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Әр кездесудің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларына ММУ Қазақстан филиалына оқуға түсу туралы өзекті ақпараттар беру және балалардың өмірлік жолында табысты таңдау жасауға мүмкіндіктер ұсыну.


А.В. Сидорович


Онлайн іс-шарада М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидоровичтің Филиалға оқуға қабылдау ережелері туралы, Нұр-Сұлтан және Мәскеу қалаларында оқу траекториясы туралы, Қазақстандағы ММУ филиалында білім алудың жоғары сапалылығы туралы нақты айтып берді. «Болашақ табыстылық білім мен тиянақтылықты керек етеді, - деп атап өтті директор. – Филиалда білім алу, кең таңдау жасауға мүмкіндік береді және түлектеріміздің кәсіби мүмкіндіктерін іске асыруына жол қалайды. Біздің көптеген түлектеріміз мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда, БАҚ, университеттерде қызмет етуде. Өз талапкерлерімізге өмірде лайықты орнын тауып, өз елінің дамуына үлес қосуына мүмкіндіктерімізді ұсынамыз».


Өз сөзінде Александр Владимирович Филиалдың Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша табысты түлектері туралы айтып өтті. Сонымен бірге ол бүгінгі кездесуге қатысып отырған көптеген оқушылардың Мәскеу университетін таңдап, өмірде үлкен табыстарға қол жеткізетініне сенімін білдірді.

 

Выступающие


Кездесудің жалғасында Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалының кафедра өкілдері сөз сөйледі, олар: Г.А. Чечкин – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры; А.А. Полосин – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ доценті; Ю.И. Красносельская – филология ғылымдарының кандидаты, ММУ оқытушысы; В.Р. Битюкова – ММУ география факультеті деканының орынбасары, ММУ Қазақстан филиалындағы экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор; А.В. Сидорович, экономика ғылымдарының докторы, ММУ еңбегі сіңген профессоры – өз мамандық бағыттары бойынша, ол бағыттардың ерекшеліктері туралы және студенттер мен түлектердің алдында күткен игіліктер туралы айтып берді.


Осыдан кейін қонақтар виртуалды аудиторияларға көшіп, өздері таңдаған бағыттар бойынша нақты ақпарат алуға және емтиханға дайындық бойынша ұсыныстар алу мүмкіндіктеріне ие болды.

МК


Ашық есіктер күнінің соңында математика және орыс тіл бойынша барлық бағыттарға арналған шеберлік сыныптары өткізілді. Оны ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары М.А. Брянская және Н.К. Галиева әзірлеп өткізді. Маргарита Александровна мен Нургуль Кадыржановна көп жылдардан бері мектеп оқушыларына арналған дайындық курстарында сабақ беріп келеді. Сондықтан оқушыларға өз мүмкіндіктерін орынды пайдаланудың ерекше тұстары туралы тәжірибе тұрғысынан айтып берді.

 

Атап өтетін тұсы, емтихан тапсыратын пәндер бойынша шеберлік сыныптары кәсіби бағдарлы кездесулердің маңызды бөлшегіне айналды. Мектеп оқушылары көптеген қызықты сұрақтар қойып, университетке оқуға түсудің тиімді жолдары туралы туындаған сұрақтарына жауап алды. (Шеберлік сынып жазбасын біздің сайтымыздағы «Оқуға түсушілерге» атты бөлімнен таба аласыздар)


Ашық есіктер күніне қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және біздің университетімізде күтеміз!

[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.