М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
15.12.2020

Қарағанды және Ақмола облыстарының мектеп оқушыларына арналған Ашық есіктер күні



2020 жылғы 6 желтоқсанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қарағанды және Ақмола облыстарының мектеп оқушыларына арналған Ашық есіктер күні болып өтті. Филиалдың осынау жексенбілік онлайн-қонақтары - жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары, оқытушылары болды. Кездесуге 150-дей адам қатысты.


3.png


Іс-шараның ММУ Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидорович ашты. Ол: «Бүгін біз өздерінің өмірлік жолын таңдап, болашағы туралы ойланатын жастармен кездесіп отырмыз. ММУ Қазақстан филиалы – дұрыс шешім, табысқа жеткізетін сенімді жол», - деп, болашақ талапкерлерге қарата сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Филиалдың директоры Мәскеу университетінің тарихы туралы айтып берді. Университеттің бүгінгі жетістіктері оның әлемдегі басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда, жетекші орынға ие болып отырғанын атап өтті. ММУ болашақ мамандарға іргелі білім беретін ерекше жоғары оқу орны болып саналады. Өзінің сөзінде А.В. Сидорович Мәскеу мемлекеттік университетінің жеті филиалының бірі ММУ Қазақстан филиалының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, Ресей Федерациясының Президентінің қолдауымен ашылғаны туралы, Филиалдың даму жолы туралы нақты баяндап берді. Филиал директоры іс-шараға қатысушыларға ММУ Қазақстан филиалында білім алудың өзіндік ерекшеліктері туралы және мұнда да ММУ білім беру дәстүрі толыққанды сақталатыны жөнінде айтып берді. Профессор А.В. Сидорович сөзінің соңын, Қарағанды және Ақмола облысының мектеп оқушыларына қаратып, олардың ММУ Қазақстан филиалында және Мәскеу университетінде білім алған жерлестерінің табыстары туралы айта келе, ол түлектердің Қазақстан Республикасында жоғары лауазымдарда қызмет ететіні туралы айтты.


1.png


Кездесудің жалғасында сөз сөйлегендер Мәскеу университеті мен ММУ Қазақстан филиалы кафедраларының өкілдері болды. Олар: М.П. Заплетин – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті; С.В. Богомолов – физика-математика ғылымдарының докторы, ММУ профессоры; О.А. Волошина – филология ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті; В.Р. Битюкова – ММУ география факультетінің деканы орынбасары, ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, профессор; В.А. Зубенко – Филиал директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті. Сөз сөйлеушілер бағыттар бойынша білім алудың ерекшеліктері туралы айтып берді, ММУ бітірген түлектердің келешектегі жарқын жолдары жөнінде қызықты етіп баяндап өтті.


Осыдан соң қонақтар ММУ Қазақстан филиалының оқытушыларымен және мәскеулік әріптестерімен жақынырақ танысу үшін виртуалды аудиториялар бойынша тарады.

 

Қарағанды және Ақмола облыстарындағы мектеп оқушыларымен өткізілген Ашық есіктер күні орыс тілі мен математика пәндері бойынша шеберлік сыныптарын өткізумен аяқталды. Ол шеберлік сыныптарда оқытушылар Е.С. Воронова мен Н.К. Галиева қатысушы талапкерлермен бірге былтырғы түсу сынақтарының тапсырмаларына талдау жасап өтті. Евгения Сергеевна мен Нұргүл Қадыржановна, міне, көптеген жылдар бойына талапкерлерге арналған дайындық курстарына сабақ беріп келеді. Ол курстарда оқығандар Қазақстан филиалына оқуға түсуге дайындалып, өздерінің табысты болуына қажетті мүмкіндік ала алады.


Біз осы Ашық есіктер күніне қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және талапкерлерді біздің университетімізде күтеміз!


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.