М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
20.11.2020

Ағылшын тілі апталығы


9-14 қараша күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында дәстүрлі Ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апта бойына студенттер мен магистранттар өздерінің ағылшын тілін меңгеруінің биік деңгейін көрсету, сонымен бірге өз эрудициясын, міндетті шешуге шығармашылық тұрғыдан келу дағдыларын, түрлі сипаттағы іс-шараларды дайындаудағы ауызбіршілігін көрсету мүмкіндіктеріне ие болды.


Апта барысында студенттер түрлі конкурстар ұйымдастырды: «Жасанды интеллекті: жақтау және қарсы болу» тақырыбында дебаттар, Spelling competition атты орфографиялық жарыс, Do you know that…? интеллектуалдық викторинасы, Around the world атты елтанымдық викторинасы, Literature club атты шығармашылық кеші өткізілді.


Снимок экрана (346)s.jpg


Кеш соңында барлық бес конкурсқа қатысушылар осы апталықта білімі мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Ерекше атап көсрететін мәселе, Ағылшын тілі апталығындағы конкурстар біздің бірінші курстықтарға бейресми жағдайда жоғары курс студенттерімен еркін танысуына мүмкіндік тудырды. Олар өздері туралы айтып, жаңа белестер мен жаңа интеллектуалдық және шығармашылық биіктерге шыға алуы үшін шабыт алғанын студенттер ерекше атап өтті!

 

[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.