М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
17.05.2020

Ерлік сабақтары


ММУ Қазақстан филиалында Отан қорғаушылар күні қарсаңында, қазақ тілі сабақтарында «Ерлік сабақтары» өткізілді. Сабақтың тақырыбы «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Ерлік пен батырлық мейрамы» деп аталды. Батырлық пен патриотизм сезімін қалыптастыруға арналған сабақ «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» мамандығына дайындалып жатқан 1-курс студенттерімен өткізілді.


Кеңес Одағы тарағаннан соң, Қазақстан өзінің ұлттық Қорғаныс күшін құрау міндетін шешуі тиіс болды. Бұл мәселе елдің әрі қарай дамуының сипатына ықпал ететін еді. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Осылай, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп белгіленді.


11s.jpg


Рисунок 1. Группа ММ-11


22s.jpg


Рисунок 2. ВМ-11


Қазақ тілі сабағында «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» мамандығының 1-курс студенттері «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Ерлік пен батырлық мейрамы» мәтінімен жұмыс жасап, Қазақстан Қраулы Күштерінің құралу тарихымен танысты. Сонымен қатар, пән оқытушысы профессор Н.Ж.Құрман қазіргі пандемияның Жер бетіне қауіп төндіріп тұрған кезеңінде Отанымыздың шынайы қорғаушылары күн демей, түн демей ауыр қызмет атқарып жатқаны туралы әңгімелеп берді. ҚР Президенті және Бас Қолбасышысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ел ішінде карантин кезінде тәртіп сақтау үшін ұлттық әскер іске қосылды. Отан қорғаушы сарбаздар осылай, бейбіт күнде төнген «вирустық» қауіпке қарсы күресіп, елді қорғауға жан аямай кірісті.


33.jpg


Сабақ студенттер әзірлеген «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» атты өз бетімен орындаған Жобаларын таныстырумен жалғастырылды.


44s.jpg


Осынау айбарлы да айбатты Отан қорғаушылар күнінің рухын әрбір жас адам сезінуі керек. Нақ қазір, елге аса ауыр кезде, әскерилер де, полицейлер де, дәрігерлер де, мұғалімдер де, тұрғындарға азық-түлік жеткізіп беріп жүргендер де – барлығы Отан қорғауға кіріскен еді. Осылардың әрқайсысының ерлігі саналы жастың рухына күш-қуат берері сөзсіз.


[нақтырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.