М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
28.05.2020

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Қазақ тілі апталығы


2020 жылғы 4–11 мамыр аралығында ММУ Қазақстан филиалында «Абай даналығы – болашақтың рухани қазынасы» ұранымен Қазақ тілі апталығы болып өтті.


Апталық аясында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-семинарлар, сабақтар мен өлең оқу, оқырмандар және ән конкурстары болып өтті.


4 мамыр күні «Филология» бағыты бойынша оқып жатқан 1 курс магистранттары Абай Құнанбайұлы туралы «Абай даналығы – болашақтың рухани қазынасы» атты онлайн-семинар өткізді. Мұнда ҚР Президенті Қ-Ж. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы талқыланды. Онлайн-семинарға Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мәдениеттану кафедрасының докторанты Г.С. Қасбаева шақырылды. Ол магистранттармен «Абайдың рухани әлемі» баяндамасы аясында ой бөлісті.


1ы.jpg

5 мамыр күні «Математика», «Қолданбалы математика және информатика» бағытындағы 1-курс студенттерімен Ұлы Абайдың «Қара сөздеріне» арналған сабақтар өткізілді. «Жетінші» және «Он жетінші» қара сөздері бойынша студенттар арасында пікірталастар ұйымдастырылды.


6 мамыр күні Магистранттармен өткізілген тағы бір іс-шара - «Абайдың әсем әндері» атты онлайн-кеш болды. Магистранттар Абайдың әр әнінің тарихын баяндап, 3 топқа бөлініп, дистанциялық форматта «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әндерін орындады.


4s.jpg


Осы күні Discord форматында Абай әндерін насихаттауға арналған «Әуенді тап» атты музыкалық конкурс өткізілді. Конкурсқа «Экология және табиғатты пайдалану», «Экономика», «Қолданбалы математика және информатика» бағытындағы 1-2 курс студенттері қатысты.

 7s.jpg


8 мамыр күні «Экономика», «Қолданбалы математика және информатика» бағытындағы 1 курс студенттері арасында «Абай әлемі» атты интеллектуалдық Kahoot-викторина өткізілді. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білім марафоны 55 сұрақтан құралды, студенттер Асылхан Шахпутов (ВМ-11) пен Жангир Науразбаев (Э-11) марафон жеңімпазы атанды


аба12.jpg


Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Қазақ тілі апталығы көздеген нәтижелерге қол жеткізіп, студенттер мен магистранттар арасында Ұлы Абайдың мұрасының маңызы туралы насихат жұмыстары тиімді әдістер арқылы жүзеге асырылды. Алғаш рет қашықтан zoom платформасында өткізілген Қазақ тілі апталығы өте жақсы өтті!

 

[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.