М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.06.2020

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалына оқуға түсуге шақырамыз!


Сіздермен қуанышты хабарымызды бөлісуге асығамыз. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалына 2020 жылғы оқуға қабылдау туралы шешім қабылданды. Филиалға оқуға түсу, сынақтар тапсыру тәртібі мен рәсімдері жөнінде көптеген сұрақтар келіп түсуде. Талапкерлерді көп толғандыратын сұрақтарға жауап бергім келеді.



Оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады?


Бакалавриатқа оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 20 маусымнан басталып 18 шілдеге дейінгі аралықта жүргізіледі. Магистратураға – 2020 жылғы 20 маусымнан басталып 22 шілдеге дейінгі аралықта жүргізіледі.


Құжаттарды қабылдау қандай формада жүргізіледі? Құжаттарды тікелей Филиалға қабылдау комиссиясына тапсыруға бола ма?


Құжаттарды қабылдау тек қана қашықтан/ дистанциялық формада ғана жүзеге асырылады. Құжат тапсыру үшін Филиалға келудің керегі жоқ.

Құжат тапсыру жөнінде арнайы түсініктемелер беру кейіннен жүргізіледі.



Оқыту бағыттары тізімі бойынша қандай өзгерістер болады?

Өткен жылдардағыдай, қабылдау бакалавриат бойынша бес бағытта жүреді:

Математика;

Қолданбалы математика және информатика;

Филология;

Экология және табиғатты пайдалану;

Экономика;


және магистратурада оқытудың үш бағыты бойынша жүреді: :

Қолданбалы математика және информатика («Математикалық модельдеу» бағдарламасы);

 

Экономика («Ұлттық экономика» «Қаржылық талдау» бағдарламалары);

 

Филология («Шеттілді аудиториядағы орыс тілі» және «Медиалингвистика» бағдарламалары).

Түсу емтихандарында қандай өзгерістер болады?


Назар аудару керек, бірқатар бағыттар бойынша емтихан сандары қысқартылған. Әр бағыт бойынша 2 емтихан тапсырылады.



Дайындау бағыттары

Экзамены

«Математика», «Қолданбалы математика және информатика», «Экономика»

«Математика» пәнінен емтихан; «Орыс тілі» пәнінен емтихан.

«Филология»

«Әдебиет» пәнінен емтихан; «Орыс тілі» пәнінен емтихан.

«Экология және табиғатты пайдалану»

«География» пәнінен емтихан; «Орыс тілі» пәнінен емтихан.


Емтиханның өту кезеңдері қашан?


Оқуға түсу емтихандық сынақтар келесі кезеңдерде өткізіледі:

Бакалавриат үшін - 2020 жылғы шілденің 20 мен 26 күндері аралығында.

 

Магистратура үшін - 2020 жылғы шілденің 24 мен 26 күндері аралығында.


Емтихандар қандай формада өткізіледі?


Нақ бүгінгі күнге емтиханның қандай формасы қолданылатыны туралы шешім нақты қабылданған жоқ. Жайлы да дұрыс жабдықталған санитарлық жағдайда, қауіпсіздік пен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, талапкерлеріміздің денсаулығына нұқсан келтірмеуді ойластыра отырып, емтихандарды қабылдауды өткіземіз.


Біз осыдан кейін де сіздердің сұрақтарыңызға жүйелі түрде жауап беріп отыратын боламыз. Сіз Филиалға мына телефондар бойынша хабарласа аласыздар: +7-7172-35-43-87 и +7-778-35-43-377 және otvet.msukz@gmail.com электрондық поштаға хабарласуға болады.

Құрметті талапкерлер!

Сіздерді үздік университеттердің бірі - Мәскеу университетіне оқуға түсуге шақырамыз!


Филиал директоры, профессор

А.В. Сидорович



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.