М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
28.12.2019

Студенттер кеңесінің Филиал директорымен кездесуі


 




2019 жылғы 26 желтоқсанда Студенттік кеңестің секторлары бойынша жауапты студенттердің Филиалдың директоры профессор А.В. Сидоровичпен кездесуі болып өтті.


Кездесуге қатысушылар өтіп бара жатқан жылдың маңызды іс-шараларына талдау жасап, келер жылдың жоспарлары мен орындалуы тиіс жұмыстар туралы талқылады. Алдағы жылы орындалуы тиіс жұмыстар мазмұны жағынан қызықты, күрделі және толыққанды болатыны туралы айтылды.


Кездесу соңында директор белсенді студенттерге үздік жұмыстары үшін алғысын білдірді, университет атынан естелікке жәдігерлер сыйға тартты. Директор студенттерді Жаңа жылмен құттықтап, алдағы сессияны жақсы тапсыруы туралы тілегін білдірді.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.