М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
27.10.2019

Ашық есіктер күні – 2019



IMG_8648s.jpg


2019 жылғы 27 қазанда, жексенбі күні, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Ашық есіктер күні өткізілді. Бұл іс-шараға жүзден астам талапкерлер, олардың ата-аналары және оқытушылар қатысты. Филиал өз қонақжайлылығын көрсете отырып, келгендерге ыстық ықыласын танытып, іс-шараны мейрам етіп жақсы өткізді.


Келген қонақтарды құттықтау сөзімен Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В. Сидорович қарсы алды. «Ашық есіктер біздің Филиалдың талапкерлерді өз студенттерінің қатарына қабылдауға деген дайындығын танытады, - деп атап көрсетті директор, - Филиалда алған сапалы білімдерінің арқасында біздің түлектеріміз Қазақстан мен Ресейде білімдерін жалғастыруда немесе табысты еңбек етуде. Мәскеу университеті мамандарды перспективалық және қажеттілік бағытында дайындайды». Директор, сонымен қатар, қонақтарға Мәскеу университетінің жарқын тарихы туралы айтып өтті. МГУ беделі - оқытушылар мен біьірген түлектердің көптеген ұрпақтарының қол жеткізген табысы. Бүгінде ММУ әлемдегі ең үздік университеттердің қатарында танылып отыр, оның дипломы көптеген елдерде танылады.


IMG_8617s.jpg


Бейне сөзінде ММУ ректоры академик В.А. Садовничий талапкерлерді Мәскеу университетіне оқуға түсуге шақырды, сөйтіп дұрыс таңдауы жасауына, табысты болуына тілегін білдірді.

Филиалдағы және ММУ факультеттеріндегі бағыттар бойынша білім алудың ерекшеліктері жөнінде Мәскеу университетінің оқытушылары, ғылым кандидаттары мен докторлары Д. В. Миллионщиков, А. А. Никитин, В. А. Чахоян, Л. А. Нестерская айтып берді. Қонақтардың Филиалмен танысуы кафедрадарда жалғастырылды. Кафедра өкілдері оқу процесі туралы, түсу емтихандары жөнінде тиянақты түрде баяндап берді, қойылған сұрақтарына жауап берді.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.