М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
22.10.2019

Дөңгелек стол «Қазақстандағы этностар: халықтың тарихи-мәдени дамуына қосылған үлес»



IMG-20191019-WA0003s.jpg



2019 жылғы 18 қазанда Ақтөбеде «Қазақстандағы этностар: халықтың тарихи-мәдени дамуына қосылған үлес» атты Дөңгелек стол өткізілді. Ұйымдастырушылар - «Қазақстандық қоғамдық дамыту институты «Рухани жаңғыру» ҰАО және Қазақ орыс халықаралық университеті. Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының профессоры Ж.А.Ермекбай осы іс-шараға, этностық мұраны сақтау мен дамыту мәселелерін талқылауға белсене қатысты.


Дөңгелек стол жұмысына Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген өкілдер қатысты. Ұлтаралық қатынастар саласы бойынша жетекші ғалымдар мен эксперттер баяндама жасады. Осы мәселе бойынша, Қазақстанның біртұтас халқының тарихи-мәдени дамуына үлес қосқан мәдениет, білім беру, ғылым саласындағы қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы жалпықазақстандық электрондық мәліметтер базасын жасау жобасы туралы ұсыныстар қабылданды. Филиалдың әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының профессоры Ж.А.Ермекбай «Қазақстанның біртұтас халқының тарихи-мәдени мұрасыдағы шешен халқы және ингуш халқы: тарих пен қазіргі заман» тақырыбында баяндама жасады.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.