М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
02.09.2019

ММУ – бұл тағдыр!


IMG_5476s.jpg


2019 жылғы 2 қыркүйекте ММУ Қазақстан филиалы кезекті рет бірінші курстықтарға есігін айқара ашты: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қабырғасында Білім күні тойланды.


2019 жыл ММУ Қазақстан филиалы үшін айтулы оқиғаларға толы болды: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімі ратификацияланды; ҚР Тұңғыш Президентінің «практикалық еуразияшылдық» идеясымен М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеуінің мерейлі 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуының бес жылдығына арналған «Идеядан шынайылыққа: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді; Мәскеу университетінің студенттік ұйымдары ММУ филиалдарымен телекөпір өткізді т.б.


IMG_2576s.jpg


Осы оқу жылының ең басты және айшықты оқиғасы – Білім күні тойлануы. 147 жас өз тағдырын Мәскеу университетімен байланыстырды, осымен байланысты, 2019 жылғы 2 қыркүйекте басты құжатқа – арман еткен «азаматттығын» куәландыратын құжатқа – әлемдегі ең үздік жоғары оқу орнының бірінің студенттік билетіне ие болды.


IMG_2530s.jpg


Студенттерге қошемет сөзбен Филиал директоры А.В. Сидорович сөз сөйледі. Оқуға түсуімен студенттерді құттықтай келе, А.В. Сидорович, дәстүр бойынша, университет пен Филиалдың тарихы туралы, оның көрнекті өкілдері туралы айтып берді. Студенттерге сәт сапар тілеп, директор ММУ студенттеріне үлкен құрмет көрсетілгенін – университетте алатын білім мен дағдылардың арқасында әлемді жүйелі түсініп игеру мүмкіндігі берілгенін атап өтті. Сонымен бірге ол университет білімді, ойланатын адамдарды, өз Отанына қызмет етуді абырой деп санайтын адамдарды, елінің және әлемнің жаңа тарихын жазатын адамдарды дайындайтынына баса назар аудара атап өтті. Ұлы Абайдың Қара сөздерін үлгіге ала отырып, Александр Владимирович болашақ мамандарға еңсерілуі тиіс үлкен белесті танытты, ол – ғылыммен айналысу арқылы таза және адал адам болып қалыптасу, алдына ізгілікті мақсаттар қою. Мәскеу университетінің түлегі А.П. Чеховтың сөзін өткір үйлесіммен тілге тиек ете келе, А.В. Сидорович бірінші курстықтарды барлық нәрсеге шығармашылықпен, асқан қызығушылықпен қарауға шақырды.


[нақтырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.