М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.09.2019

Қазақстан филиалының студенттері «STUDCAMP-2019» Республикалық лагеріне қатысты




23-24 тамызда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері «STUDCAMP-2019» Республикалық лагеріне қатысты. Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі және Павлодар әкімшілігі ұйымдастырған болатын. Жазғы лагерь Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған «2019 – Жастар жылына» арналды.

Бұл іс-шараға бүкіл Қазақстаннан 100 қатысушы іріктеліп алынды, оларға өз кезегінде студенттік өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға, сонымен бірге қазақстандық жастардың даму жолдары туралы ой қозғауға мүмкіндіктер берілді. Түрлі ЖОО өкілдері өз университеттерінің даму үрдістері туралы айтып берді, жаңа идеялармен бөлісті, тәжірибелерімен және білімдерімен өзара алмасты.


[нақтырақ...]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.