М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
13.02.2018

Әлішер Науаидің шығармашылық мұрасы және заманауи таным


2018 жылғы 12-13 ақпанда М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында «Әлішер Науаидің шығармашылық мұрасы және заманауи таным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияның жұмысына ұйымдастырушы комитеттің мүшесі ретінде, модераторы және баяндамашысы ретінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессоры, философия ғылымдарының докторы С.Ш.Аязбекова қатысқан еді.
Әлішер Науаидің шығармашылығы әлемдік мәдениеттің аса зор жетістігі ретінде танылған, оның мұрасында шығыс мәдениетінің ортағасырлық ерекшеліктері толық қамтылған десе болады.
Әлішер Науаидің шығармашылық мұрасына арналған Халықаралық конференцияда осы түркі әлеміне тегіс танымал ақынның, философтың, тимуридтік Хоросанның мемлекеттік қайраткерінің жан-жақтылығы мен танымдық кең аясына қатысты көптеген мәселелер қарастырылды. Ұлы тұлғаның қалдырған мирасына Ресейдің, Қазақстанның, Өзбекстанның, Иранның, Арменияның,Қырғызстанның, Әзірбайжан мен Украинаның ғалымдары өз қызығушылықтарын танытты. Филологтер, тарихышалр, философтар, саясаттанушылар, құқықтанушылар мен мәдениеттанушылар Әлішер Науаидің сан қырлы болмысын тануға байланысты баяндамалар жасады.
С.Ш.Аязбекованың баяндамасында осы кезге дейін арнайы қарастырылмай келе жатқан мәселе - Әлішер Науаидің шығармашылығы мен дүниетанымына әсер еткен түркілік өркениет туралы мәселе сөз етілді.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.