М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
24.11.2017

Болашаққа көзқарас: ғалымдар мен педагогтер қоғамдық сананың жаңғыруы туралы


2017 жылғы 24 қарашада М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл өте жақсы нышан ретінде бағаланды, өйткені Қазақстан Президентінің алға қойған міденттері жүзеге асырудың негізгі жолдары мен траекторияларын талқылану мен түсінуге арналған дөңгелек үстел 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында өткізілген еді.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының тұжырымдық қағидаттарын және 2017 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев және Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин қатысқан Қазақстан мен Ресейдің XIV Аймақаралық ынтымақтастық Форумының жұмысы барысынданда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметі М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы туралы қол қойған Келісімнен туындайтын міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізілген болатын.

Аталған дөңгелек үстел жұмысына ҚР ҰҒА жауапты қызметкерлері, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бағдарындағы ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының меңгерушілері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орнының жетекші профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстелде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының директоры, Еуразиялық университтер ассоциациясының Атқару комитетінің Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В. Сидорович модераторы болды. Сөйлеген сөзінде ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өкілдерінің - қазақстандық және халықаралық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушыларының заманауи Қазақстанның орталық өзегі - рухани жаңғыру болып табылатын Үшінші жаңғыруы жағдайында басқосуының ерекше маңызды екенін атап өтті. А.В. Сидорович студенттерді тәрбиелеу үдерісіндегі, жастарда рухани негіздерді және ақиқат моралдық-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы міндеттерді шешудегі ХХІ ғасыр әлемінде – тарихи дамудың күрделі және біркелкі емес кезеңінде, жаһандық экономиканы, моралдық-адамгершілік негіздер мен халықаралық қарым-қатынасты жайлаған жүйелі дағдарыс жағдайында - әлеуметтік-гуманитарлық білім берудің зор маңызы мен биік рөлін ерекше атап көрсетті. 

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар тарапынан жоғары оқу орындарында қоғамдық сананы жаңғырту мәнмәтініндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің оқытылуына байланысты мәселелер кең аяда қарастырылды, заманауи қоғамтанудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша тәжерибе алмасулар жүргізілді, сонымен қатар, біртұтас заманауи әлеуметтік-гуманитарлық білімді дамыту туралы мәселелер талқыланды.

[толығырақ]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.