2022 жылғы 23 желтоқсанда «Евразия» спорт кешенінде ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында би аэробикасынан жарыс өтті. Оған Филиалымыздың 200-ден астам студенттері қатысты.
Би аэробикасы – фитнес саласының бірі, ол музыкамен орындалатын жаттығулар жиынтығы. Би аэробикасының артықшылығы адамның шығармашылық әлеуетін ашуға және әрбірінің даралығын көрсетуге мүмкіндік беретін шығармашылық бағыттылығы болып табылады. Қатысушылар қойылым бағдарламасын мұқият ойластырып, костюм таңдауға, музыка таңдауға және би үлгісін салуға бар жауапкершілікпен қарады.
Байқаудың бірінші кезеңі «Хафанана» жалынды трекке би қыздыру болды. Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін қатысушыларды ҚФ ММУ дене шынықтыру мұғалімдерінен құралған қазылар алқасымен таныстырды. Іс-шара барысында залда достық пен жылы атмосфера орнады, байқауға дайындық кезінде студенттердің қаншалықты жиналғаны байқалды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Фото: К.С. Байрактар (фотогалерея),
видео: Б. Туйбеков |