М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

2021 жылғы 4-18 қарашада М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған волейбол бойынша турнир болып өтті.




«Еуразия» спорт кешенінің қабырғасында алдын ала жеребе бойынша 4 кіші топқа бөлінген 12 команда бақ сынасты. Әрбір кіші топта турнирді жалғастыратын жеңімпаз команда анықталды: 1-ші кіші топта – Г-21; 2-ші кіші топта– ВМК-11; 3-ші кіші топта де – Э-22; 4-ші кіші топта – Э-12.


ВМК -11, первое место

ВМК-11 командасы


Одан кейін жеңімпаз командалар өзара айналмалы жүйе бойынша кездесті. Жеңіске жету үшін қалған үш командамен ойнап, барынша көп ұпай жинау керек болды. Алты матчтың нәтижесінде, ВМК-11 командасы абсолютті чемпион атанды, команда қарсыластарынан бір де жеңілместен, 9 ұпай жинады. Команда мүшелері: Ковшов Илья (капитан), Арзуманян Андрей, Евстифеев Эдуард, Искакова Аружан, Мұхамеджанова Томирис, Нукешова Индира, Саликов Амир, Тузелов Шыңғысхан, Хангелдин Аңсар және Шаку Жәңгірхан.



Г-21, второе место

Г-21 командасы


Екі кездесуде жеңіске жетіп, 7 ұпай жинаған Г-21 командасы екінші орынды иеленді. Команда мүшелері: Сүлейменов Мақсат (капитан), Сазанович Данил, Кабдуннасов Артём, Кажимов Альнур, Гончарова Карина, Нургалиева Альфия, Кулеш Регина және Қасымбеков Диас.

 


Э-22, третье место

Э-22 командасы


Сонымен қатар, бір жеңіс және 3 ұпаймен Э-22 командасы да үшінші орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Команда мүшелері: Мұқышев Ернұр (капитан), Татина Әлия, Мусалимов Дарий, Стихиляс Владислав, Огаева Макка, Касенова Дамели, Пунтас Виктория, Тамирханова Венера және Сыпатаев Алишер.



Төртінші орынды Е-12 командасы иеленді.


Жеңімпаздардан басқа, жарыстың бас төрешісі Е.И.Клюкина осы турнирдің «қыздар командасы» деп атауға болатын Ф-11 командасының лайықты ойынын атап өтті: егер басқа командаларда төрт жігіт және екі қыз болса, Ф-11 командасыyда, керісінше, 4 қыз және 2 жігіт болды.

 

Атап кететін жайт, турнир барысында тек ойыншылардың өздері ғана емес, олардың жанкүйерлері де ерекше көзге түскен еді. Студенттер волейбол алаңының айналасына орналасып, жарысқа қатысушыларды белсенді түрде қолдап, қошеметтеп, жақсы сөзбен жігерлендіріп, шешуші сәттерде өз командаларының атын қосыла айтып, ойншылардың рухын көтеріп отырды. Турнир достық және көңілді жайда өтті, барлық қатысушылар спорттық этикетті қатаң сақтап, ойыннан шығарылған командалардың жанкүйерлері жеңімпаз командалардың ойыншыларына ықыласпен қолдау көрсетті. Барлық студенттер өзара волейбол жарысын өткізе отырып, достық пен сыйластық қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болғанына өте қуанышты екені анық көрініп тұрды!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.