М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь

Без имени-2.jpg


М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының студенттері мен оқытушылары карантин жағдайында да еңсесін түсірмей, рухани биіктен көрінуге ұмтылып отырды. Филиалдың студенттері флешмоб ұйымдастырып, онда бейнеролик дене шынықтыру жаттығуларын орындады. Желіге салынған қысқаша роликтер mens sana in corpore sano теориясы мен практикасын ұстанатындарғажақсы бейне-нұсқаулықтарға айналды.


2.jpg


Сәуір мен мамыр айлары бойында, Жер шарына тегіс қиын күндер болған кезде, біздің университетіміз қашықтан оқыту режимінде жұмыстарын табысты атқарып отырды. Дегенмен, бұл көктем біз үшін түрлі көңіл толқындарын туғызып, карантин мен оқшауланудың енгізілуі өмірді сапалы етуге де кедергісін келтіріп бақты. Қашықтан жұмыс жасау мен қышықтан оқудың жүйесіне де қиындықтар туындатты. Осы ретте Интернет пен БАҚ әркімге өзін торығудан және қобалжудан сақтану үшін, түрлі жаттығулар орындауға шақырған кеңестерге толы болды. Филиалдың студенттері мен оқытушылары қол қусырып қарап отырмады және үй жағдайындағы спорт жүктемелерін орындап, өздерінің сұлу формаларын сақтауға тырысты. Ерекше кретативтілікпен күнделікті күйбеңді олар тамаша флешмобтарға айналдырып отырды. Олардың бейнероликке түсіріп, желілерге салып отырды.


3.jpg


Шынайы көңілмен сондай роилткре жасағандарға алғысымыды білдіргім келеді. Әлемге тұтас ауыртпалық түскенде, мойымай, спорттың көмекшілік қызметін елге таратуға өз күшін, энтуазиазмін аямай, флешмобқа қатысушылар денсаулықты сақтаудың барлық уақытта маңыздылығына үндеу салды, сөйтіп: «дені саудың – жаны сау» деген қағиданы жаңаша форматта жаңғыртты.


4.jpg


Роликтерлді (https://vk.com/wall-178659271_89) сілтемесі бойынша көре аласыз! Біздің Фмлиалдың студенттерімен және оқытушыларымен бірге болыңыз! Қозғалыс - өмір!


[нақтырақ]



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.