Филиалда үстел теннисінен жарыстар өткізілді


2024 жылғы 12 желтоқсанда ММУ Қазақстан филиалының Студенттер үйінде Филиал студенттері арасында үстел теннис бойынша жарыс өткізілді. Турнирді әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті және аға оқытушысы Д.С.Ташкеев пен О.А.Волков және Филиалдың студенттік кеңесінің спорт секторы мүшелері ұйымдастырды және төрелік етті.

Жарысқа 17 жігіт пен 4 бойжеткен қыз қатысты. Турнир жоғарғы және төменгі жақшаға бөлінген «Best of 3 (BO3)» жүйесі бойынша өтті. Матчта жеңіске жету үшін 11 ұпай жинау керек.

Қатысушылардың ширыққан тартысы нәтижесінде жүлделі орындарға келесі студенттер қол жеткізді:

– жігіттер арасында: 1 орын – Артем Лифанов (М-21), 2 орын – Армен Хачатрян (Э-11), 3 орын – Иван Зелюкин (ВМК-11);

– қыздар арасында: 1 орын – Тамара Ермакова (Г-11), 2 орын – Амина Ермағанбетова (Г-21), 3 орын – Амина Абсаттарова (М-11).

Осындай жарыстар түрлі факультеттер мен курстарда оқитын студенттер арасындағы қарым-қатынас пен байланыс орнатудың тамаша алаңына айналды. Жастар ойын техникасын жетілдіруге, өз қабілеттерін көрсетіп, спортта жаңа белестерге жетуге мүмкіндік алды.

Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шынайы сезімдері мен спорттық рухтары үшін алғысымызды білдіреміз!



 

Сурет: Алия Бимахан