М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Студенческая жизнь
Жаңа оқу жылында «Тенгри» клубы өз жұмысын бастады

2020 жылғы 16 қазанда осы оқу жылында алғаш рет «Тенгри» клубының отырысы өткізілді. Онлайн-кездесуге «Филология» бағытының 1-2 және 4-курс студенттері және филология кафедрасының оқытушылары Г. И. Власова, Т. В. Кривощапова және А. М. Чепкова қатысты.

 

Общее фото


«Тенгри» әдеби клубы – сөз құдыретіне бас иген адамдардың қауымдастығы, олар біріге отырып, өздерінің жазған көркем туындыларын талқылайды және басқалармен бөлісіп, идеяларын талқылауға салады. Бұл клуб 2010 жылы ашылған болатын. Биыл клуб 10 жылға толып отыр. Қазақстан әдебиетінің жұлдыздары клубтың қонағы ретінде талай уақыттан бері келіп жүрген, Мәскеу университетінің оқытушылары мен Филиалдың түлектері шеберлік сыныптарын өткізіп келеді.

 

Г.И. Власова


Клубтың координаторы-үйлестірушісі - филология кафедрасының меңгерушісі Галина Ивановна Власова биылғы алғашқы отырысты салтанатты түрде ашып, «Тенгри» әдеби клубының «Пою тебе, мой Филиал» және «Под знаком Тенгри» атты жинақтарын көрсетіп, клубтың биылғы жұмыс жоспарына түсініктеме жасады.


Сборники "Тенгри"

 

Іс-шараның жалғасы клуб қатысушыларының ММУ Қазақстан филиалының 2019 жылғы «Филология» мамандығы бойынша түлегі Анастасия Маскевичпен кездесумен жалғасты. Ол «Астана» атты жазушылар клубының ұйымдастырушысы болып табылады. Қонақ өзінің жасап жүрген қызметі туралы баяндап берді, өзінің «Анастасия» атты романының жазылу тарихымен таныстырды және «қысқа әңгіме қалай жазуға болады» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.


Маскевич Анастасия, гостья


Мастер-класс


Өзінің ерекше тартымдылығымен, шынайылығымен, пайдалы кеңестерімен жазушы қатысып отырғандарды баурап алды: Анастасияның әңгімесінен кейін олар көптеген сұрақ қойып, тамаша сұхбаты үшін алғыстарын білдірді.


Председатель - Дарья Панёва

 

Клуб отырысында «Тенгри» клубының жаңа төрағасы сайланды. Ол – «Филология» бағытының 2-курс студенті Дарья Панёва. Өз кезегінде Дарья барлығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді және клубтың алдағы жұмыстарының жобасымен таныстырып өтті.


Аталған іс-шара шынайы және жылышырайда өткізілді. Қатысушылар Анастасияға рақмет айтты, соңынан өздері шығарған өлеңдерін оқып берді.


«Тенгри» әдеби клубының сіздерге көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Мұнда сіздер:

  • жаңа достар мен пікірлестеріңізді табасыз;

 

  • ресейлік және қазақстандық жазушылармен, ақындармен және әдебиеттанушылармен кездесе аласыз;

 

  • түрлі конкурстар мен жобаларға қатыса аласыз;

 

  • өзіңіздің жазушылық дағдыларыңызды одан әрі ұштай аласыз;

 

  • болашақта қазақстандық әдебиет саласын дамытатын тұлға болуы мүмкін жас қаламгердің алғашқы туындыларымен танысасыз;

 

  • жаңа альманахқа жарияланатын туындылар дайындай аласыз;

 

  • басқа да көптеген жақсылықтар күтіп тұр!

Біз сіздерді «Тенгри» клубының қатысушыларының арасынан көргіміз келеді!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.