М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
11.02.2022

1 және 2 курс студенттері мен магистранттарын СОҒЫС ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК КІТАБЫН жазуға қатысуға шақырамыз


СОҒЫС ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК КІТАБЫ


Құрметті студенттер мен магистранттар!


2020 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығында ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары «Соғыс туралы естелік кітабын» құрастырған болатын. Ол кітапта жастар соғысқа қатысқан өздерінің туыстары мен жақын адамдары туралы әңгімелерімен бөлісті. Әгімелерінде студенттер Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында қаза тауып, майданнан оралмағандар туралы, майданнан аман-есен келген батырлар – майдангерлер туралы, қаһарман тыл еңбеккерлері туралы ойтолғаулары берілген еді.





«Соғыс туралы естелік кітабы» – Филиал өміріндегі маңызды оқиға, бүгінгі күні біз өмір сүріп жатқан, білім алып, еңбек етіп, армандайтын, бейбіт өмірді құруды мүмкін еткен жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.


Соғыс ешбір отбасын айналып өтпеді, барлығы ерен еңбек етіп, оны Жеңіс жолына арнаған болатын. Филиалға жыл сайын жаңа студенттер мен магистранттар келеді, біз «Соғыс туралы естелік» кітабын шығаруды жалғастыруды жөн көрдік. «Соғыс туралы естелік кітабын» шығару біздің Филиалдың дәстүріне айналса дейміз.


>>> «Соғыс туралы естелік кітабының» бірінші басылымын оқыңыз


Филиалға жаңадан қосылған 1 және 2 курс студенттері мен магистранттарын Кітап жазуға қатысуға шақырамыз. «Естеліктер кітабының» жаңа басылымында жақындарыңыз туралы әңгімелер жазуға болады. Сіздің осы тақырып бойынша ересек туыстарыңызбен әңгімелесіп, отбасылық мұрағаттағы фотосуреттерді, ескі құжаттарды, майдан хаттарын, жауынгерлік наградаларды іздеуге және жақындарыңыздың соғыс уақытында жасаған ерліктері туралы қысқаша айтып беру мүмкіндігіңіз бар.


Ұлы Жеңіс әрқашан адамдардың жүрегінде өмір сүріп, жаңа ұрпаққа жеткізіліп, өткенді, бүгінді және болашақты ортақ жеңіс пен мақтаныш арқауымен байланыстырғанын қалаймыз.


Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович


>>> Жариялау талаптарын оқыңыз

 



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.