М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
13.01.2021

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған Ашық есіктер күні


31 қаңтар, сағат 12:00

Қазақстан аймақтарындағы мектеп оқушыларына арналған Ашық есіктер күнін өткізу аясында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Петропавловск, Қостанай, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен 31 қаңтарда сағат 12:00-де онлайн форматта ZOOM платформасында кездесу өткізеді.

Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысуға ниет еткендердің барлығы ашық есіктер күніне қатыса алады.


Ашық есіктер күні бағдарламасында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры профессор А.В. Сидорович сөз сөйлейді. Ол Филиалға қабылдау тәртібі туралы кең және нақты мәліметтермен таныстырады. Мәскеу университетінің оқытушылары сөз сөйлейді. Дайындық бағыттарымен таныстыру бойынша презентация көрсетіледі. Орыс тілі және математика пәндерінен шеберлік сыныптары өткізіледі. Оларда былтырғы түсу емтиханында кездескен тапсырмаларды талдау жүргізіледі, «Талапкер» орталығының қызметкерлерімен кездесу болады.


Кездесуге тіркелу 31 күні қоса алғанда қолжетімді.  

  



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.