М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Хабарландыру
13.02.2013

Қазақстан филиал 2013 жылдың 12–13 сәуірінде «Ломоносов – 2013» студенттер мен магистранттардың және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді


 «Ломоносов – 2013» студенттер мен магистранттардың
және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы
(12–13 сәуір, 2013 ж.)

 

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиал 2013 жылдың 12–13 сәуірінде «Ломоносов – 2013» студенттер мен магистранттардың және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Бұл конференция Мәскеу мемлекеттік университеті өткізетін «Ломоносов – 2013» жастардың халықаралық ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады.

Конференцияның мақсаты – студенттер мен магистранттардың және жас ғалымдардың жасампаздық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті проблемаларын шешуге тарту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның студенттері мен жас ғалымдарының біліми және ғылыми байланыстарының дамуына жәрдемдесу.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы – М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В.Сидорович.

Конференция шегінде мынадай секциялардың жұмысы жоспарланады:

  • «Математиканың қазіргі проблемалары»;
  • «Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар»;
  • «Қазақстан мен Ресейдің даму стратегиясын жүзеге асырудағы экономикалық ғылымның рөлі»;
  • «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері»;
  • «Өңірлік экологиялық проблемаларды бағалаудың қазіргі әдістері мен ыңғайлары»;
  • «Еуразиялық мәдениет: дәстүрлер және қазіргі заман»;

 

Конференция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп өткізіледі. Секциялардың сараптамалық кеңестерін М.В.Ломоносов атындағы ММУ мен  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың жетекші ғалымдары басқарады.

Конференцияға студенттер мен магистранттар және 35 жастан аспаған жас ғалымдар ғылыми жетекшілерінің ұсынысымен шақырылады. Жас ғалым деп ғылыми дәрежесі жоқ докторант, ізденуші, аспирант, оқытушы, ғылыми қызметкер; ғылым кандидаты дәрежесі бар оқытушы, аға оқытушы, ғылыми қызметкер саналады. Доценттер, профессорлар, ғылым докторлары, олардың жасы 35-ке жетпеген күннің өзінде, конференцияға қатысушылар қатарына енгізілмейді. Егер жұмыс авторластықпен орындалса, әр автор конференцияға қатысушыларға қойылатын талаптарға сай болуы қажет. Ғылыми жетекшімен авторластыққа жол берілмейді, алайда оған ескерту арқылы алғыс білдіруге болады.

Конференцияға қатысқысы келетіндер мына электронды поштаға төмендегі құжаттарды жолдауы қажет msukz@mail.ru:

– белгіленген пішіндегі сауалнама-тапсырыс;

– пішімдеуге қойылған талаптарға сай баяндама тезистері;

– ғылыми жетекшінің немесе ЖОО (факультет) басшылығының рецензия-ұсынымы.

1500 теңге (тезистерді басып шығару үшін) шамасындағы ұйымдастыру жарнасы мына есеп-шотқа аудару қажет: Казахстанский филиал МГУ имени М.В.Ломоносова, ФАО «Банк ЦентрКредит» г. Астана, ИИК – KZ028560000000092301, БИК – KCJBKZKX, РНН – 620200014744, БИН – 001241003752, КБЕ 26.

Көрсетілген материалдар 2013 жылдың 15 наурызына дейін ұсынылуға тиіс.

Тапсырылған тезистер бойынша қатысушыларды конкурстік іріктеу құқығы ұйымдастыру комитетіне тиесілі. Конференция материалдары тікелей көшірме жасау әдісімен ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Жұмыс түрі – ауызша және постерлік (стенділік) баяндамалар. Ұйымдастыру комитеті жол ақысын, тұрғынжай және тамақ шығындарын көтермейді.

Ұйымдастыру комитетінің мекені:
Қазақстан, 010010, Астана қ-сы, Қажымұқан к-сі, 11 (Мұңайтпасов к-сі, 7), 727-кабинет.
«Ломоносов – 2013» ұйымдастыру комитеті.

Телефон/факс: (7172) 35-34-05, конференция хатшысы – Нұрбекова Назира Жақсылыққызы, 727-кабинет.

1-, 2-секция: (7172) 35-20-28, техникалық хатшысы – Көпежанова Айгерім Нұржанқызы,  Баев Ален Жұматаевич, 729-кабинет.

3-секция: (7172) 35-18-59, техникалық хатшы –  Бейсенбаева Анаргүл Жұмағұлқызы, 726-кабинет.

4-секция: (7172) 35-19-42, 34-05-03, техникалық хатшылар – Лакомкина Евгения Владимировна,  Деревянко Екатерина Петровна, 708-, 701-кабинеттер.

 

5-секция: (7172) 35-19-36, техникалық хатшы – Мұқанова Сабина Самарбайқызы, 707-кабинет.

Секция 6: (7172) 35-18-51, техникалық хатшы – Холявко Ольга Александровна, 704-кабинет.

e-mail: msukz@mail.ru Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғаулы, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы қажет.

www.msu.kz сайтынан ағымдағы ақпаратпен және тезистерді пішімдеу үлгілерімен танысуға болады.



 

1-ҚОСЫМША: Конференцияға қатысуға тапсырыс
1. Секция _______________________________________
2. Аты-жөні __________________________
3. Баяндама тақырыбы ______________________________
4. Қала ________________________________________
5. Оқу орны/ұйым (толық атауы)____
6. Мәртебесі (студент, магистрант т.с.с.) _________________
7. Мекен-жайы, телефон, e-mail __________________________
8. Банкілік реквизиттер (қабылданбаған жағдайда ақшаны қайтару үшін көрсетіледі)
банкінің атауы____________________________________
карт-шоттың нөмірі_______________________________________
9. ИИН _________________________________________
10. Жеке куәлік № _______ берілген күні _______ кім берді ___________


2-ҚОСЫМША: Баяндама тезистерін пішімдеуге қойылатын талаптар
Баяндама тезистері электрондық нұсқада ұсынылады.
Баяндама тезистерін пішімдеуде авторлар мынадай талаптарды сақтауға тиіс:
• Тезистер мұқият редакциялануға тиіс.
• Тезистер Times New Roman 12 пт шрифтісімен терілуге тиіс, жол аралығы – 1, парақ шетіндегі ақшеттер: жоғарыдан,төменнен – 2 см; сол және оң жақтан –2,5 см. Мәтін көлемі 2 бетке дейін.
• Тезистерде мынадай шығарылымдық ақпарат болуға тиіс:

  • мақала аты (жаңа жолдан, Times New Roman 12 пт, қою шрифт, ортаға теңшеледі, жолдан шегініс жоқ);
  • келесі жолдан ортаға симметриялы түрде, Times New Roman 12 пт, қою, курсив шрифт, азатты жолдан - авторлардың аты-жөні (әрбір автор үшін – әуелі тек есімі, бос орын, сонан соң инициалдарының арасына бос орын қалдырылмайды);
  • келесі жолдан ортаға симметриялы түрде – автордың қазіргі мәртебесі (студент, магистрант, қызметкер), ғылыми дәрежесі (атағы) (Times New Roman 12 пт, курсив шрифт, ортаға азат жолсыз теңшеледі);
  • келсі жолдың ортасынан (Times New Roman 12 пт, курсив) – университеттің / институттың, қала мен елдің (ортаға) толық атауы;
  • келесі жолдан ортаға симметриялы түрде (Times New Roman 12 пт, курсив шрифт) – электронной поштаның мекен-жайы.

• Мақала аты екі жолдан аспауға тиіс. Мұның бірінші әрпі - бас әріп, қалғандары, жалқы есімдердерден басқасы, кіші әріппен жазылады.
• Дәйек келтірілген дереккөздер (5-тен аспау қажет) «Библиографиялық тізімде» көрсетілуі міндетті (жартылай қою шрифт, сол жақ шетке теңшеледі). Библиографиялық тізім мәтін соңына орналастырылып, бос жол арқылы бөлектенеді.  размещается в конце текста и отделяется пустой строкой. Библиографиялық тізімге сілтеме шаршы жақшада нумерациямен берілуге тиіс: [1], [2], [3], [4] (немесе, егер бір мезгілде бірнеше дереккөзге сіотеме жасайтын болса, [1–2]).


Библиографиялық тізім

  • Нарожная В.Д.  Невербальная коммуникация как этнокультурный феномен: Дис. … доктора филол. наук. / В.Д. Нарожная. – Шымкент, 2010.  – С. 32.
  • Сулименко Л. М. Технология минеральных вяжущих материалов и изделий на их основе: Учебник для вузов. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк., 2000. – 303 с.
  • Николина Н.А. Новые тенденции в современном русском словотворчестве // Русский язык сегодня. Сб. ст. / Отв. ред. Л.П. Крысин. – М.: Изд-во МГУ, 2003. – С. 376-387.
  • Ковалевский И. Организация самостоятельной работы студента // Высшее образование в России. – 2000. – №1. – С. 114-120.
  • Неклюдов С.Ю. Несколько слов о «постфольклоре» [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://www.ruthenia.ru/folklore

• Тезистердің тіліне қойылатын талаптар. Тезистерлі секциялар бойынша жариялауға ұсынатын сараптамалық комиссияны Мәскеу университетінің ғалымдары басқарады. Осыған орай, тезистер қазақ тілінде жазылса, «Филология» секциясының аясында жоспарланып отырған қазақ және шетел тілдерінің кіші секцияларынан басқа секцияларда оның орыс тіліндегі аудармасы ұсынылуы қажет.
• Тезистерде күрделі графикалық материал (фотографиялар, репродукциялар  т. с.с.) болмауға тиіс.
• Тезистер салынған файлдың аты бірінші автордың тек есімінің ағылшын тіліндегі алғашқы 8 әрпімен сәйкес болуға тиіс, Word құжатын сақтау кезінде файлдың типін – RTF форматындағы мәтінді – таңдап алған жөн. Сауалнама жеке файлда сол атпен болады, бірақ ank- префиксі қосылады.
• Использование объектов MS Equation Editor нысанын және басқа кіріктрілген нысандарды, WMF (Windows Meta File) форматындағы қыстырындылардан басқасын бар мүмкіндігінше пайдаланбауды қалаймыз. Ал соңғы жағдайда бұл қыстырындылар жеке WMF файлдарымен ұсынылуға тиіс.
• Қолдан тасымалдауға рұқсат берілмейді (manual hyphenation).
• Тезистерде суреттер болса, олар топтастырылып, мәтін ретінде қыстырмалануға тиіс. Сканерленген мәтінді қыстыруға жол берілмейді.

Тезистердің электрондық нұсқасының пішімделуіне қойылған талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті тезистерді жариялаудан алып қалуға хақылы.

 


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.