
СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА
СОҢҒЫ КУРС СТУДЕНТТЕРІ!
"ТҮЛЕК-2026" ЖҰМЫС ЖӘРМЕҢКЕСІ
2026 жылғы 19 мамырда сағат 11:00-де "Түлек-2026" Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкенің мақсаты – М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал ету, әлеуетті жұмыс берушілермен өзара байланыс жасауды қамтамасыз етіп, студенттер мен магистранттарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру және олардың өз болашақ мансабы туралы түсініктерін кеңейту. Жәрмеңке күндізгі форматта өткізіледі.
Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, ірі ұлттық компаниялардың, халықаралық және жеке компаниялардың, университеттердің, мектептердің және т.б. өкілдері қатысады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Филиалдың барлық бітіруші курс студенттері мен магистранттары қатысуы міндетті.
Іс-шараның нақты бағдарламасы кейінірек жарияланады.