М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
02.09.2024

ММУ Қазақстан филиалында Білім күні


2024 жылғы 2 қыркүйекте ММУ Қазақстан филиалы студенттер мен магистранттар үшін қайтадан есігін айқара ашты! Биылғы жылы Филиалға бакалавриат бағыттарына 170 студент оқуға түсті, оның ішінде 20 студент ММУ Қазақстан филиалының Олимпиадасы нәтижесінде қабылданды, ал үшеуі Жас ММУ мектебінің түлектері болып табылады. Филиалға 109 магистрант оқуға қабылданды.




Бірінші курс студенттері үшін директормен және дайындау бағыттары бойынша оқытушылармен салтанатты жиын болып өтті. Жаңа қабылданған студенттерді филиал директоры, ММУ құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович құттықтады.


– Құрметті Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының 1 курс студенттері! Ең алдымен, Мәскеу университетіне түсу туралы шешім қабылдағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді – бұл сіздің зор жеңісіңіз! Мәскеу университеті – іргелі ғылымдардың алдынан ашылатын жаңа көкжиектер университеті. Сіздерді, Мәскеу университетінің студенттерін, алдағы уақыттарда жаңа жаңалықтар күтіп тұрғанына сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін! – деді директор құттықтау сөзінде.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тамара Григорьевна Котлярова студенттерді оқу жылының басталуымен және ММУ Қазақстан филиалының студенті деген құрметті мәртебеге ие болуымен құттықтады. Сонымен қатар бірінші курс студенттерін Филиал студенттеріне арналған ішкі тәртіптің Негізгі ережелерімен таныстырды.


Кафедра меңгерушілері мен оқытушылар бірінші курстықтарды құттықтап, әр студенттің оқу бағытын өзі үшін дұрыс таңдағанына сенім білдірді. Әңгімелесу барысында студенттер 1 курста қандай пәндерді оқитыны, Филиалдағы оқыту форматы және сессияның қалай өтетіндігі туралы білді. Оқытушылар да студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.












Филиалдың жаңа ғимаратында магистранттар да өздерінің алғашқы оқу күнін қарсы алды. Магистранттардың саны биылғы жылы «Математика» бағыты бойынша «Математика және деректерді талдау әдістері», «Филология» бағыты бойынша «Мәдениетаралық коммуникация және аударма», «Экономика» бағыты бойынша «Қазіргі заманғы экономикадағы статистика және деректерді басқару» және «Экология және қоршаған ортаны басқару бағыты бойынша» «Қалалар мен аудандардың төмен көміртекті дамуын басқару» жаңа магистрлік бағдарламалар ашылуына байланысты айтарлықтай өсті. Магистранттар үшін оқу бағыттары бойынша кафедра меңгерушілерімен кездесулер өткізілді.


Бірінші курс студенттері мен магистранттары үшін келесі маңызды оқиға оларға студенттік билеттер тапсыру күні болмақ.


Баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.