ММУ Қазақстан филиалы мен Шымкент қаласының «Дарын» орталығы ынтымақтастық орнатады
Бүгін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Кәсіби бағдар беру және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа ММУ құрметті профессоры директор Александр Сидорович және Шымкент қалалық білім басқармасы «Дарын» орталығының басшысы Раушан Джеренова қол қойды.
Қол қою барысында Александр Сидорович бұл ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, 2001 жылдан бері Филиал Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 2500 түлек дайындағанын атап өтті. Биыл 20-шы мерейтойлық түлектер қолына диплом алды. Алдағы жаңа оқу жылынан бастап Филиалда ғылым мен практиканың өзекті бағыттары бойынша жаңа магистрлік бағдарламалар мен бакалавриат бағыттары ашылады.
– Мәскеу университеті барлық уақытта іргелі білімге деген ұстанымы арқылы ерекше орында болып келеді. Филиалда ММУ-дің осы ұстанымдары мен дәстүрлерін басшылыққа алып келеді. Осы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоя отырып, біз оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу үшін бірлесе қызмет атқаруға деген ниетімізді біріктірдік. Қазақстандағы Мәскеу университетінің филиалы қазақстандық экономика үшін мамандар дайындайды, сондықтан біз республиканың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз, - деп атап өтті Филиал директоры.
«Дарын» орталығының жетекшісі Раушан Джеренова өздерінің ұйымы 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
– «Дарынның» миссиясы – Қазақстанның дарынды балалары мен талантты жастарын анықтау, дамыту және кәсіби қолдау. ТМД мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірімен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы болашақта республикамыздың гүлденуі мен дамуы үшін қызмет ететін қаламыздың дарынды балаларын қолдау бойынша бірлескен іс-әрекеттің жарқын үлгісі болып табылады. 2023 жылы біздің орталық алаңында ММУ Қазақстан филиалы оқушыларға арналған Олимпиада өткізді, оған Шымкент қаласының 87 оқушысы қатысты. Оқушыларымыз математика, география, әдебиет сынды пәндер бойынша жеңімпаз атанды», – деді Раушан Джеренова.
Келісім аясында тараптар оқушылар үшін де, педагогтер үшін де бірлескен іс-шаралар өткізуге жөнінде келісім жасалынды.