М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
11.11.2023

Филиал директоры профессор А.В. Сидорович «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы Р.С. Сұлтановпен кездесті


2023 жылғы 10 қарашада ММУ Қазақстан филиалының директоры Александр Владимирович Сидоровичтің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Руслан Серікұлы Сұлтановпен кездесуі болып өтті.




Филиал мен Институт ұзақ уақыт бойы ынтымақтастықпен байланыс жасап келеді. Институттың құрылымында Филиалдың түлектері қызмет етеді, Институт жыл сайын біздің студенттер мен магистранттарымызды өндірістік тәжірибе өту үшін қабылдайды.


Кездесу барысында Филиал мен Институттың өзара ынтымақтастығы аясында бағыттарын кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды:


- Институттың жетекші мамандары «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» магистратура бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады және осы семестрде екінші курс магистранттары үшін «Мемлекеттік экономикалық даму саясаты» арнайы курсын өткізеді;


- кездесуге қатысушылар 2024 жылдың сәуір айында Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандары мен зерттеушілерін тарта отырып, «ХХІ ғасырдың заманауи сын-қатерлері және Қазақстанның ұлттық экономикасының моделін өзгерту» тақырыбында бірлескен конференция өткізуге келісті.


Руслан Серікұлының шараларды жүзеге асыру жөнінде бөліскен бірқатар бастамаларына Александр Владимирович өз қолдауын білдірді.


Біз Руслан Серікұлына осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін, жылы қабылдауы мен ұсыныстарымызды қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Мәтін: Экономика кафедрасы



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.