М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
02.10.2023

Мәскеу университетіндегі Ғылым 0+фестивалі – ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер фестивалі


Фестивальдің мақсаты – кең аудиторияға ғылымның не екенін, ғалымдардың немен айналысатынын ұғындыру және қарапайым тілмен, ғылыми зерттеулердің өмір сапасын қалай жақсартатынын және ғылымның заманауи адамдар үшін қандай перспективалар ашатынын түсіндіру.


Аталған Ғылым фестивалі әлемнің көптеген елдерінде танымал. Мәскеу университеті бұл халықаралық бастамаға 2006 жылы қосылды. Ал 2023 жылы фестиваль өтетін орындар Қытай, Беларусь және Өзбекстанда ашылды. Әр елдің ғылыми фестиваль ұйымдастыруының өзіндік формалары бар, бірақ мақсаты бір: ғылымды танымал ету, оның қызметін, адам баласының өміріндегі ғылымның орнын қоғамға түсіндіру, ғалым мен ұстаз қызметінің маңыздылығын көрсету, жастарды ғылымға тарту, ғылымды дамыту, студенттер мен оқушылар арасында шығармашылықты дамыту.


30 қыркүйекте Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Ғылым 0+ фестивалінің ашылуы болып өтті. Бізді алда Мәскеу университетінің және Қазақстанның жетекші ғалымдарының қызықты кездесулері мен лекциялары күтіп тұр.


Ғылым әрқашан бізді біріктіретін, тамаша әрі жарқын болашаққа жетелейтін қуатты күш болып болып қала береді!


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.