М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
10.09.2023

ММУ Қазақстан филиалында «Бірінші курс студенттері күні»



2023 жылғы 8 қыркүйек күні Қазақстан филиалында студенттік билетті салтанатты түрде тапсыру рәсімі болып өтті. Ауа райының да жаңбырлы күзі бірінші курс студенттерімен бірге шат-шадыман қуанып тұрғандай болды! Бірінші курс студенттері директордың қолынан алдағы төрт жылдық оқу барысында маңызды болып саналатын құжатты – студенттік билетті алды!


Филиалдың жаңа ғимаратында оқу, білім және ғылым мерекесі болып өтті. Оған Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының оқытушылары, қызметкерлері, студенттері мен магистранттары қатысты. Бұл күні барлығының назары 1 курс студенттерінде болды. Студенттік билеттерді тапсыру рәсімі Мәскеу университеті әнұранымен ашылды.


Салатанатты рәсімді Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры А.В. Сидорович құттықтау сөзбен ашты. Ол бірінші курс студенттеріне Филиалдың құрылу тарихы туралы, университеттің алғашқы ғимараты мен алғашқы түлектері туралы айтып берді. Директор Қазақстан филиалының өзінің бүкіл даму жолында ұстанатын басты қағидаттарын, нақты айтқанда, сапалы білім беру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық рухын және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу деп атап өтті.




– Құрметті студенттер, құрметті ұстаздар, сіздерді бүгінгі білім мерекесімен құттықтаймын. Әр жылда оқуға түскен студенттердің әрбір жаңа буыны – біз үшін жаңа үміт, жаңа жаңалық пен жаңа жетістіктер. Құрметті бірінші курс студенттері, сіздер Мәскеу университетіне келдіңіздер. Сіз мұнда саналы түрде оқуға келдіңіз, өйткені Мәскеу университетінің беделді және сапалы білім беретінін және Қазақстан филиалының түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие екенін білесіз. Сіздер өмірге дұрыс қадам жасап, өз болашағыңызды сенімді анықтадыңыз, - деді Александр Владимирович бірінші курс студенттеріне.


Филиалдың болашақтағы даму жолының маңызды жоспарларын атай келе, А.В. Сидорович бакалавриатқа түсушілерге арналған олимпиадалар мен бітірушілерге арналған Универсиаданы тек Астанада ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында да өткізу жоспарланып отырғанын, бұл талапкерлердің географиясын айтарлықтай кеңейтуге септігін тигізетінін баса айтты. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы өткізілген Олимпиада қорытындысы бойынша отыздан астам бірінші курс студенті Филиалға қабылданған болатын.


Астанаға студенттер мен магистранттарға дәріс өткізуге келген Мәскеу университетінің оқытушылары да құттықтау сөз сөйледі.




– Құрметті бірінші курс студенттері, бүгін ерекше күн – сіздер қолыңызға студенттік билет алып, шын мәнінде Мәскеу университетінің студенттері мен магистранттары атанған күн. Сізді өз қатарымызда көргенімізге қуаныштымыз! Сіздер университетте берілген білімді жақсы меңгеріп, болашақта Мәскеу мемлекеттік университетінің лайықты түлегі болу үшін бар күш-жігеріңізді салатындарыңызға сенеміз», - деді Есептеу математикасы және кибернетика факультетінің доценті А.А. Полосин.


Экономика факультетінің доценті В.Н. Сидоренко өз сөзінде: – Ең алдымен, көп жылдар бойы Мәскеу университетінің оқытушылары Филиал студенттерімен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғаны үшін Қазақстан филиалының басшылығына алғыс айтқым келеді. Студенттерге білім әлеміндегі өз жолын табысты аяқтап, лайықты мамандық иесі болып, өмірден өз орындарыңызды табуларыңызға тілектеспін», - деді ол.


Ал экономика факультетінің доценті Т.А. Дробышевская студенттерге арналған құттықтау сөзінде: – Өміріңіздің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтаймын! Құрметті бірінші курс студенттері, унивиерситетте өтетін осы жолда сізді тек отбасыңыз бен достарыңыз ғана емес, Мәскеу университетінің және Қазақстан филиалының барлық оқытушылары мен қызметкерлері де қолдайтын болады. Университетте оқу барысында алатын білімдеріңіз бен байланыстарыңыз сізге өмірде қандай жолды таңдағыңыз келетінін түсінуге көмектеседі. Ал өмірде, ең бастысы, өзіңізді тыңдаңыз», - деді.




Университеттің басты байлығы, әрине, оның түлектері! Қазақстан филиалының түлектері әр салада іргелі білім алып, еліміздің дамуына лайықты үлес қосуда. Біздің түлектеріміз биылғы бірінші курс студенттеріне өздерінің жүрекарды жақсы сөздерін, тілектерін жеткізді.


Филиалымыздың 2022 жылғы түлектері Кристина Рягузова мен Әмір Сүлейменов өздерінің бейне құттықтауларын олдап, онда: «Біз әрбір студентке табандылық пен мақсаттан тайынбауды, ең жақсы шешімдерді іздеу және таба білу білігі мен шығармашылық рух және жаңа ғылыми жаңалықтар ашуға деген тайсалмай бет алуды, үміт пен армандарыңыздың орындалуын тілейміз! Мәскеу университетінде оқу - үлкен мәртебе және зор жауапкершілік. Мәскеу мемлекеттік университеті - тек оқу орны ғана емес, ол әлемге көзқарасыңды қалыптастыратын ғылым ордасы, қарым-қатынас аясын қалыптастыратын орын, ойлау бейнелілігі мен өмір салтын қалыптастыратын интеллектуалды орта», - деген шынайы тілектерін білдірді.


Қазіргі уақытта Мәскеу университетінде білім алып жатқан 3 курс студенттерінене және 2 курс студенттерінен экрандық құттықтаулар мен тілектер айтылды. Ағалық жолымен олар бірінші курс студенттеріне үздік оқуларына тілектестік білдірді. Сонымен бірге, алдағы курстарда болатын Мәскеуде оқу туралы әңгімелеп, келген уақытта жас әріптестеріне қолдау көрсетуге уәде берді.


Биыл университетті аяқтайтын 4 курс түлектері бірінші курс студенттеріне, әсіресе, сессиялардың сәтті болуына және өзара берік достық тіледі. Филология факультетінің 4 курс студенттері Филиалдың күнделікті өмірі туралы өздері шығарған әзіл ән шашуларын орындап, залды қуантқан еді.


Осылардан кейін салтанатты шараның ең толқытатын сәті басталды. Ол – студент билетін тапсыру. Бірінші курстықтар студент билетімен бірге Қазақстан филиалының арнайы төсбелгісін де алды.





Осылардан кейін салтанатты шараның ең толқытатын сәті басталды. Ол – студент билетін тапсыру. Бірінші курстықтар студент билетімен бірге Қазақстан филиалының арнайы төсбелгісін де алды.





Фото: А. Ахметуллин


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.