М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
04.09.2023

Білім күні – 2023



Кешегі талапкерлер Мәскеу университетінің студенті атанудың құрметіне ие болды, осылайша бұл күні олардың алдында жаңа білім алудың кең көкжиегі ашылды. Биылғы жылы бірінші курс студенттерінің қатары ММУ Қазақстан филиалында өткізілген 2023 жылғы Олимпиаданың 36 жеңімпазы мен жүлдегерлерімен және ММУ «Жастар мектебінің» алғашқы түлектерімен толықты.


Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович бірінші курс студенттерін құттықтады: – Құрметті бірінші курс студенттері, мен сіздерге осындай үлкен қадам жасап, Мәскеу университетінің Қазақстан филиалының студенті атануларыңызбен құттықтаймын. Бұл қадам сіздің болашағыңыз үшін зор жетістіктерге бастайды. Сондай-ақ Филиал оқытушылары мен қызметкерлерін де жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы бізге жаңа нәтижелер, жаңа табыстар мен нәтижелі шешілетін жаңа міндеттер әкеледі, оларды бәріміз бірге еңсереміз», - деді директор.




Білім күніне орай ММУ Қазақстан филиалының кафедра меңгерушілері мен жетекші оқытушылары да құттықтау сөздерін айтты.

 

– Бүгін сіздің өміріңіздің ең қызықты кезеңдерінің бірі басталады – сіз әртүрлі салалардағы үздік ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындайтын әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуға келдіңіз. Біздің білім беруіміздің басты ерекшелігі – оның жоғары ғылыми жетістіктерге сүйенуі. Сіз Мәскеу университетінің тамаша оқытушыларының өздерінің ғылыми жетістіктері негізінде әзірленген ерекше курстарын тыңдайсыз», - деп атап өтті экология және қоршаған ортаны басқару кафедрасының меңгерушісі, профессор Виктория Расулқызы Битюкова өзінің құттықтау сөзінде.


Студенттерді іргелі және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі, профессор Бекмағанбетов Қуаныш Әбдірахманұлы құттықтап: – Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді университетке түсуіңізбен құттықтаймын. Бұл сіздің ғылыми әлемге жасаған алғашқы сәтті қадамыңыз. Алда төрт жыл бойғы жауапкершілігі мол оқу күтіп тұр. Білім жолында табыс және ақ жол тілеймін», - деген тілегін білдірді.




Математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі, доцент Леонид Владимирович Крицков бірінші курс студенттеріне: – Сіздер Мәскеу университетіне келіп, жаңа білім игерудің табалдырығында тұрсыз. Оқу барысында кездесетін барлық қиындықтарды жеңіп, жақсы маман иесі атанып, Мәскеу университетінің лайықты түлегі атанулуларыңызға тілектеспін», - деді.




Филология кафедрасының атынан доцент Герта Петровна Байғарина: – Құрметті бірінші курс студенттері, бүгін сіз үшін ерекше күн. Сіздер енді осындай беделді университеттің студенті болдыңыздар. Білімнің түрлі салаларын таңдадыңыз, бірақ ауызша және жазбаша сөзді меңгеру ең маңызды міндет болады. Дәл осыны біздер, филологтар үйретеміз», - деп құттықтады.


Ғылыми жұмыс және тәрбие қызметі бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Әбділдина Раушан Жабайханқызы: – Бірінші курс студенттерін жаңа өмірдің басталуымен құттықтаймыз! Сізге тек таңдаған мамандығыңызды меңгеруді ғана емес, сонымен қатар өз еліңіздің нағыз азаматы болу керек. Күрделі саяси жағдайды, күрделі идеологиялық мәселелерді түсінуге, адамның өмірдегі орны мен адамгершілік құндылықтарының мәнін түсінуге үйрететін – қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары», - деп атап өтті.

 

– Филиалға өте жоғары деңгейдегі оқытушылар келеді, осы мүмкіндіктерді кәсіби өсу және мәдени байыту үшін пайдаланыңыз. «Университетіміздің іс-шаралары мен конференцияларына қатысыңыз», - деді экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Юлия Владимировна Баева.




Салтанатты бөлім аяқталысымен 1 курс студенттері өз бағыттары бойынша кафедра оқытушыларымен, өз кураторларымен кездесіп, оқу жылының басындағы жаңалықтар туралы маңызды ақпарат алды пен кітапханадан оқу құралдарын алды.


Мәскеу университетінің ректоры, академик Виктор Антонович Садовничийдің филиал студенттері үшін онлайн-дәрісі «Білім күнінің» тағы бір маңызды оқиғасы болды. Биылғы жылы ректор оқыған дәрістің маңызы Мәскеу университетінің бас ғимаратына 70 жыл толуымн байланысты болды. В.А. Садовничий бірінші курс студенттеріне Мәскеу университетінің тарихы мен оның бүгінгі жоғары жетістіктері туралы, Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми мектептерінің өкілдері болып, Ресейдің ғана емес, сонымен бірге әлемдік ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан атақты түлектер туралы айтып берді.


«Мәскеу университетінің ұлы ізашарларына лайықты болыңдар, ол үшін жақсы оқып, еңбек етіңдер!», - деді ректор.




Бірінші курс магистранттары үшін Филиалдың жаңа ғимаратында «Білім күні» өтті, оларды Мәскеу мемлекеттік университетінің директоры, құрметті профессоры А.В. Сидорович құттықтады.


– Құрметті магистранттар, сіздер үшін білім алуда биіктерге жеткізетін, ойлаудың ғылыми түріне көтерілетін мүмкіндіктер ашылып жатыр. Сіздерді қызықты уақыт күтіп тұр, жақсы оқуларыңызға сәттілік тілеймін», - деді Александр Владимирович.


Бірінші курс магистранттарын даярлау бағыттары бойынша магистрлік бағдарламалардың жетекшілері де құттықтап, ол бағыттардың ерекшеліктері жөнінде айтып берді.


– Жасанды интеллектінің қарқындауына байланысты қазіргі уақытта жоғары білікті мамандар тапшы. Ал біздің түлектер жұмысқа қабылдау кезінде бір табан биікте тұрады», - деді «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері» магистрлік бағдарламасының жетекшісі, профессор Алексей Геннадьевич Шишкин.

 

– «Филология» бағыты бойынша екі магистрлік бағдарлама сәтті жұмыс істеп келеді. «Шеттілді аудиториясындағы орыс тілі» бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар орыс тілін шет тілі ретінде оқытуды үйренеді. «Медиалингвистика» бағдарламасы бойынша оқитын магистранттар сөзбен жұмыс істеуді, мәтін құруды және медиаконтентті талдауды үйренеді», - деді директордың ақпараттық ынтымақтастық және коммуникация жөніндегі орынбасары, филология кафедрасының аға оқытушысы Динара Асқарқызы Бисембина.


ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген профессоры А.В. Сидорович «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» және «Қаржылық талдау» магистрлік бағдарламаларының жетекшісі ретінде магистранттарды құттықтады: – «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» магистрлік бағдарламасы мемлекеттік басқаруға қатыса алатын және елдің экономикалық жүйесінің құрылымын түсіне алатын мамандарды дайындауға бағытталған. «Қаржылық аналитика» магистрлік бағдарламасы бойынша оқыту жалпы ұлттық экономиканы зерттеу аясында өтеді. Магистранттарымызға оқу процесінде дайындыққа байыппен кірісіп, жақсы оқуларына тілектеспін.


Одан соң магистранттар өз мамандықтары бойынша кафедра оқытушыларымен кездесті.

 

Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!


(Фотогалерея)


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.