М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
19.05.2023

Филиал студенттері - Солтүстік университеттері математикалық олимпиадасының жеңімпаздары


2023 жылғы 23 сәуір күні Санкт-Петербург қаласындағы ИTMO Ұлттық зерттеу университетінде Солтүстік елдер университеттерінің 9-шы Математикалық олимпиадасы (9th North Countries Universities Mathematical Competition) болып өтті. Олимпиада математик студенттер арасында беделді жарыс болып саналады. Олимпиаданың жұмыс тілі – ағылшын тілі.


Биыл Олимпиада күндізгі режимде және қашықтан өткізілді. Филиалымыздың «Математика» және «Қолданбалы математика және информатика» бағыттарының студенттері Олимпиадаға қашықтықтан қатысып, табысқа жетті.



Қазылар алқасының шешімімен «Математика» бағытының 1 курс студенті Тюленев Леонид ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Математика» бағытының 4 курс студенті Талипов Талант ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


DIPLOMA II - Tyelenev Leonid DIPLOMA III - Talipov Talant



Олимпиадаға қашықтан Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Румыния, Индонезия университеттерінен барлығы 76 студент (14 команда) қатысты. Қатысушыларға 4 сағат ішінде алгебра, есептеу, аналитикалық геометрия, дифференциалдық геометриядан 7 есеп шығару ұсынылды. Олимпиада нәтижелері туралы толық ақпаратты Олимпиаданың ресми парақшасынан білуге болады: https://mathdep.itmo.ru/ncumc/.



М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының ұжымы студенттерді осы Олимпиададағы жеңісімен құттықтайды. Оларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен оқуда жетістіктер тілейді!


Мәтін: Іргелі және қолданбалы математика кафедрасы



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.