М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
24.03.2023

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Республикалық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар конкурсының II кезеңін ұйымдастырып өткізу үшін ММУ Қазақстан филиалы Филология: орыс тілі; орыс тілі мен әдебиеті; Математика (мысалы); «Математика» (жаратылыстану, магистратура) мамандықтары бойынша базалық жоғары оқу орны болып белгіленді


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 03.04.2023 жылғы № 01-5 / 108-1-вн хатына сәйкес, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 6В02301 (6В02302) Филология: орыс тілі; 6В01702 (5В011800) Орыс тілі мен әдебиеті; 6В05401 (5В060100) – Математика (жаратылыстану); 7M05401 «Математика» (жаратылыстану, магистратура) мамандықтары арасында Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсының ұйымдастырып өткізу үшін тірек ЖОО болып белгіленді.


Жоғары оқу орындарының басшыларынан конкурстың 2-кезеңіне қатысу үшін студенттердің үздік жұмыстарын қағаз және электронды тасымалдағыштарда («Республикалық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар конкурсына» белгісімен) ұсынуын сұраймыз. Мекенжайымыз: 010010, Астана қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы көше, 11, 705-бөлме, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы, іргелі және қолданбалы математика кафедрасы. Анықтамалар үшін телефон: +77051024434, kopezhanova@mail.ru (математика); Филология кафедрасы, +7 7014647720, filkfmsu@mail.ru (филология).


Жұмыстар 2023 жылғы 6 сәуір мен 8 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұсынымдарға сәйкес қабылданады.


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.