М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
14.03.2023

Филиал магистранттары EY компаниясының кейс-чемпионатының қорытындысы бойынша «HIGH PRIORITY» сертификаттарын алды


Филиалдың экономика бағытының магистранттары Даниярова Камила мен Мухамедиева Алима EY ұйымдастырған кейс-чемпионатына қатысты. Магистранттар қатысу сертификаттарымен бірге жұмысқа тұруда болатын сұхбаттасу кезінде артықшылық беретін «HIGH PRIORITY сертификаттарын алды.




Үміткерлер байқауға қатысу үшін логика, ағылшын тілі және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (IFRS) білу бойынша тестілеуден өтуі тиіс болды. Магистранттар бұл кезеңнен сүрінбей өтіп, ІІ кезеңге жолдама алды.

II кезеңде барлық қатысушылар бір команда түрлі университеттер мен мамандықтарды ұсынатындай командаларға бөлінді. Камила мен Алима әртүрлі командаларға түсті.


4 күн ішінде әр топ кейс орындап, 10 наурызда өз шешімін ұсынды. Кейс нақты мысал бойынша құрылған. Командалар бухгалтердің қызметінде түзетулер қажет пе, жоқ па, соны талдап, ұсынылған шешімдерді Халықаралық аудит стандарттарына сүйене отырып негіздеп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, аудиторлық қорытындыны (негіздемесімен бірге) ұсынуы керек болды.





Қорғау соңында барлық командаларға қатысу сертификаттары, ал ерекше көзге түскен қатысушыларға EY іріктеу кезеңдерін өтуге басымдық беретін сертификаттар берілді. Олардың қатарында Даниярова Камила мен Мұхамедиева Алима сияқты үш қатысушы болды.


Қазылар алқасы жобаны өз бетінше қорғауға жеткізген Мұхамедева Алиманың табандылығы мен еңбекқорлығын ерекше атап өтті, өйткені оның командасының мүшелері қатысудан бас тартқан еді.


Магистранттарымызды құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер тілейміз!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.