М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
01.03.2023

Ашық есік күні



2023 жылғы 26 ақпанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында кәсіптік бағдар беру мазмұнындағы кездесулер аясында Қазақстан аймақтарының мектеп оқушылары үшін онлайн режимінде Ашық есік күні өтті.


Ашық есік күні жексенбінің шуақты күнімен сай келіп, ерекше жылулықпен басталды. Жақында көктем келеді және онымен бірге түлектер үшін оқу жылы да аяқталады, сонымен бірге бұл – өзгерістер уақыты, есейіп, үлкен өмірге аяқ басу және болашақ мамандықты таңдау уақыты.




ММУ Қазақстан филиалы болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарын құшақ жая қарсы алды. Кездесуді ашқан ММУ Қазақстан филиалының директоры, Мәскеу университетінің құрметті профессоры Александр Владимирович Сидорович: «Бүгін біз сіздерге өмірлік жолыңызды, болашаққа жолыңызды таңдауға көмектесу үшін жиналдық!» – деп сөз бастады.


Өзінің көпжылдық тарихында Мәскеу университеті, шын мәнінде, әлемдік ғылым мен білімнің орталығына айналды. Ал Қазақстан филиалы Астана қаласындағы Мәскеу университетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Директор 2022 жылы Қазақстан филиалына жаңа ғимарат берілгенін, бұл жағдайдың университеттің мүмкіндіктерін кеңейтетінін, оқудың жаңа бағыттары ашылып, студенттерді көбірек қабылдайтынын атап өтті. А.В. Сидорович Филиалдағы әрбір оқу бағытына егжей-тегжейлі тоқталып, таңдалған бағыттардың қай-қайсысы да іргелі білім беретінін, ол білім бағдарламаларының әрбірі өз саласы бойынша жан-жақты дамыған жоғары білікті маман қалыптастыруға бағытталғанына арнайы тоқтап өтті. Сондай-ақ, магистранттарға арналған бөлек кездесу болатынын айтып, жаңа магистрлік бағдарламалдардың ашылуы туралы тоқталды.


Ашық есік күнінің жалғасында Мәскеу университеті факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамның өкілдері сөз сөйледі. Түлектер үшін ашылатын білім беру ерекшеліктері мен мансаптық перспективалар туралы физика-математика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті Максим Петрович Заплетин; Филиалдың математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі, ММУ доценті Леонид Владимирович Крицков; филология ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті Оксана Анатольевна Волошина; ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының меңгерушісі, ММУ профессоры Виктория Расуловна Битюкова; экономика ғылымдарының кандидаты, ММУ доценті Нина Игоревна Никитина баяндап берді..




Кездесу соңында Директор талапкерлердің 2023 жылғы қабылдау емтихандарының мерзімі мен форматы туралы сұрақтарына жауап берді, Филиалдағы оқытудың «қашықтан оқу– күндізгі оқу моделінің» ерекшеліктерін түсіндірді, студенттердің Мәскеудегі ММУ жатақханаларында өмір сүру жағдайлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жиынға қатысушыларға Қазақстан филиалының студенттері түсірген Астана қаласындағы «ММУ Студенттер үйі» туралы бейнеролик көрсетілді.





Іс-шараның жалғасы талапкерлер оқу бағыттарының әрқайсысы бойынша жасақталған виртуалды аудиториялардағы кездесулермен жалғасты. Кафедра оқытушылары қабылдау емтихандарына дайындалу бойынша маңызды кеңестермен бөлісіп, ММУ Қазақстан филиалы студенттерінің ғылыми және мектептен тыс өмірі туралы әңгімеледі.


Біз Ашық есік күніне қатысушыларға алғыс айтамыз және болашақ студенттерді жаңа кездесулерде – ММУ Қазақстан филиалының студенттері қатарында күтеміз!



© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы. Барлық құқық қорғалған.